• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Мамыр, 2022

Елімізде күн сайын 15 мың адам КВИ-ге қарсы екпе алады

254 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Вакцинациялау және ревакцинациялау — инфекциядан қорғанатын жалғыз жол. Халықты вакцинациямен барынша қамту үшін біз тиісті іс-шаралар қабылдадық. Тәулігіне орташа есептегенде 15 мың адам егілуде», деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, бүгінгі күні 1-компонентпен 9,5 млн адам (тиісті халықтың 83,3 пайызы, жалпы халық санының 56 пайызы), 2-компонентпен 9,2 млн адам (тиісті халықтың 81, жалпы халық санының 54 пайызы) вакциналанды.

«Ал ревакцинациядан елімізде 4 млн адам өтті», деді Ажар Ғиният.

Аяна Тоғанбек