• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Мамыр, 2022

ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады

353 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 19 мамыр күні Қытайдың CanSino Biologics биофармацевтикалық компаниясы әзірлеген COVID-19-ға қарсы CONVIDECIA вакцинасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл ДДҰ сертификаттаған Sinopharm және Sinopec-тен кейінгі үшінші қытайлық вакцина.

Вакцина аурудың белгілеріне қарсы 64% және ауыр COVID-19-ға қарсы 92% тиімді екені анықталды.

CONVIDECIA сонымен қатар ДДҰ-ның иммундау бойынша сарапшылардың стратегиялық консультативтік тобында (SAGE) қаралды, ол оны 18 жастан асқан барлық жас топтарында бір реттік 0,5 миллилитр доза ретінде пайдалануды ұсынады. Вакцинаны қолдану бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар жақын арада жариялануы тиіс.

Аяна Тоғанбек