• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Білім 21 Мамыр, 2022

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі

635 рет
көрсетілді

Халықаралық пәндік олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға 500-1500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өткім келеді. Жақында Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі», деп жазады министр.

Айтуынша, оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.

Сондай-ақ, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар тағайындалатынын жеткізген.

«Білім және ғылым министрлігі елімізде балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра береді», деп түйіндеген Асхат Аймағамбетов.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар