Сейсенбіде Бельгияда маймыл шешегі вирусын жұқтырудың 6 жағдайы расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 мамырда Бельгияда 4 дерек тіркелген. Сонымен қатар жұқтырғандардың барлығы осы айдың басында Антверпен қаласында өткен фестивальға қатысқан.
Бельгияның федералды денсаулық сақтау агенттігі Sciensano эпидемиологиялық жағдай мұқият бақылауда екенін айтады. Өйткені Тәуекелдерді бағалау тобы (RAG) күдікті жағдайлар мен расталған деректерге қатысты ұсыныстармен жұмыс істеп жатыр.
Sciensano денсаулық сақтау мамандарына арналған веб-сайтында қосымша ақпараттар ұсынып отырады, ал жалпы жұртшылыққа арналған ақпараттар Күтім және денсаулық сақтау агенттігінің веб-сайтынан табылады.
Вирус анықталған науқастар 21 күн оқшаулануы керек.
Сарапшылар маймыл шешегінің Covid-19-дан бірнеше айырмашылығы болғандықтан, бұл вирустың арты пандемияға ұласуы екіталай екенін айтады.
Аяна Тоғанбек