• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 01 Маусым, 2022

Болашақ және саясат

272 рет
көрсетілді

Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Парламент Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Динар Нөкетаева бір топ қоғам белсенділерімен, студенттермен сұхбаттасты.

Кездесудің өзегі – жалпы Рес­публикалық референдумды өткізу, жастарға мемлекет үшін маңызды күннің мәнін түсіндіру. Болашақ маман­дар елі­мізде жүріп жат­қан саяси үдерістерге мүдде­лі екен­ді­гін көрсетіп, көкей­ле­рінде сұрақ­та­рын қойып, көз­қа­рас­та­рын білдіріп отырды.

Кездесуде алғаш болып сөз алған сенатор Динар Нөкетаева жиналғандарға алдағы өтетін еліміз үшін аса маңызды қадам деп бағаланған жалпы халықтық Референдум туралы жан-жақты мәлімет беріп өтті.

«Жалпы Конституцияға нақ­ты қандай өзгеріс енгіземіз деген мә­селе алдын ала Президент тап­сырмасымен сараланды. Соның нәтижесінде Ата За­ңы­­мызға осы референдумда өте үлкен тарихи маңызы зор өзгерістер енгізілетін болып отыр. Мәселен, қазіргі Конституциядағы 99 бап­тың 33-іне 56 өзгеріс енгізіл­мек. Сондықтан да мұны бүкіл халықтық референдумға шы­ға­ру керек деген ұсынысты Мем­лекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясын­да­ мәлімдеді», деді сенатор Д.Нөкетаева.

Ол сонымен қатар барлық өзге­рістер Қазақстанның бола­шағы үшін барынша маңызды екенін айта келе, ең негізгі деген­­деріне жеке тоқталып өтті.

«Президент Жол­дауында бұрынғы супер­пре­зид­енттік жүйеден ықпалды Парламент жүйесіне көшуді заң­дас­тыруды, сонымен қатар билік тармақтарының өкілет­тік­терін қайта қарауды ұсынды. Халық енді жергілікті әкімдерді сайлау арқылы өздері таңдайды. Сонымен қатар осы күнге де­йін Парламент депутаттары тү­гел­дей дерлік партиялық ті­зім­­мен сайланған болса, ендігі жерде олардың 30 пайызы мо­жа­ритарлық жүйемен, яғни өзін өзі ұсыну арқылы дауыс жинап сайланатын болып отыр. Сәйкесінше облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының 50 пайызы осы әдіспен сайланады. Осының бәрі Қазақ­станның жаңаша дамуына жасалған нық қадамдар», деді Динар Нөкетаева.

Сенатор Бақытжан Жұма­ғұ­лов та алдағы тарихи күнді әді­лет­ті, заң үстемдік құратын Мем­­лекет құруымыздың алғы­шар­ты деп қабылдауымыз керек деген пі­кір айтты.

«Президент «Жаңа Қазақстан дегеніміз – бұл Әділетті Қазақ­стан» деп нақты айтып кетті. Әділеттілік бар жерде даму мен өр­кендеу бар. Ең бастысы монополия болмауы керек. Саяси партиялардың ішінде шынайы бәсекелестік болуы қажет.  Бізді бір қуантарлығы алдағы ре­фе­рендумның маңыздылығын әсіресе жастар жағы жақсы тү­сі­ніп, қызу қолдау білдіріп отыр. Олардың барлығы өзде­рі­нің болашағын Әділетті Қазақ­­стан­­мен байланыстырады. Оған бү­гінде осы оқу орнындағы жас­­тармен кездесуде кезекті рет көзі­міз жетті», деді сенатор Б.Жұмағұлов.

Екі сағаттан аса уақытқа со­зыл­­­ған жиын барысында жастар оқытушылар мен қала бел­сен­­ділері депутаттардан алда­ғы сая­си реформаларға қатысты сауалдарына тұщымды жауап алды.

 

АЛМАТЫ