• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2022

Израиль дәрігерлері жергілікті медицина мамандарымен тәжірибе алмасты

228 рет
көрсетілді

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Израиль Республикасынан тәжірибе алмасу мақсатымен келген дәрігерлерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31-ші мамырда профессор Вадим Капуллер мен Саид Ибрагим облыстық балалар ауруханасында, облыстық онкология диспансерінің базасында профессор Рафаэль Миллер, Максим Соколов және Лев Гуревич жергілікті мамандарға шеберлік сағатын өткізді.

Айта кетсек, аталған шеберлік сағаттары 5-ші маусымға дейін жалғасады.

Шетелдік мамандар жергілікті дәрігерлермен бірлесіп жоғарғы технологиялық операция жасап, тұрғындарға тегін кеңес беруді жоспарлап отыр.

«Адам баласы үшін бірінші байлық – денсаулық. Тұрғындар үшін сапалы медицина қызметтері қолжетімді болуы тиіс. Бұл жолда атқаратын жұмыстар баршылық. Мәселен, жергілікті мамандардың білімін шыңдау, салаға білікті мамандарды тарту, заманауи технологиялармен қамтамасыз ету шаралары арта береді. Осы жолы жоспарланған шара аясында атыраулық ақ халаттылар қажетті ақпарат алып, тәжірибе жинайды деп үміттенемін», деді С.Шәпкенов.

Айта кетсек, жалпы оқу бағдарламасы аясында облыс бойынша 1 000-ға жуық  медицина қызметкерін оқыту мәселесі күн тәртібінде тұр.  

Бұған дейін 17-21 мамыр аралығында Атырау облыстық перинаталдық орталығында Израильден келген профессор Илья Розиннің өткізген семинарына қала және аудандардан 40 маман қатысып, оның 34-і сертификат алған еді.