• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 07 Маусым, 2022

Асхат Аймағамбетов министрлікті бөлуге қатысты пікір білдірді

394 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлікті екі ведомствоға бөлу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазір бұл шешімді өте тиімді жүзеге асыру міндеті тұр, өйткені білім мен ғылым жүйесінің тиімділігі ең басты дүние. Біз қажетті жұмыстарды атқарамыз», деді министр.

Оның айтуынша, министрлікті бөлу туралы шешім қазірдің өзінде қабылданған.

«Шешімді бәріңіз естідіңіздер. Шешім бар, айтылды, тиісті түрде қабылданды. Енді осы шешімнің орындалуын ойластыру керек. Білім беру жүйесі осыдан пайда көруі керек. Сондықтан қазір жұмыс істейміз және жұмыс істеп жатырмыз.

Тиісті шешімді кім қабылдайтынын нақты реттейтін заңнама бар. Бұл ретте Үкімет деңгейінде және ел басшылығы деңгейінде министрліктерді құрудың құрылымы, нақты жобасы туралы шешім қабылданады. Сондықтан тиісті деңгейде шешім қабылданып, мұның бәрі одан әрі жұртшылық назарына жеткізіледі деп ойлаймын», деді А.Аймағамбетов.

Айта кетейік, Президент 1 маусым күні Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған сессияда Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынған болатын.