• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Маусым, 2022

Елімізде 9,5 миллионнан астам адам вакцина салдырды

194 рет
көрсетілді

2022 жылғы 8 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 510 545 адам, ІІ компонентін 9 288 778 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 198 414 адам, ІІ 1 074 145 адам салдырды.

Оның ішінде І компонентін салдырғандар: жасөспірімдер – 859 494, жүкті әйелдер – 40 609, бала емізетін әйелдер – 143 527 адам.

ІІ компонентін алғандар: жасөспірімдер – 815 804, жүкті әйелдер – 36 511, бала емізетін әйелдер – 132 475.

Аяна Тоғанбек