• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 13 Маусым, 2022

Қажылыққа бөлінген квота 4 мыңға дейін артты

448 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстаннан 4 мың адамға қажылық парызды өтеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) сайтына сілтеме жасап.

Бүгін ҚМДБ ғимаратында Қазақстан қажылық миссиясы өкілдерінің алғашқы отырысы өтті.

Мәлім болғандай, биылға бөлінген 4 мың қажылық орын конкурс негізде іріктелген 14 туроператор арасында бөлінді. Қажылыққа баруға ниет еткен қазақстандықтар осы туроператорларға жүгіне алады. Қазір олар тіркеу жұмыстарын бастап кетті.

Отырыс барысында қажылық кезінде атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, ұйымдастыру мәселелері пысықталды. Сондай-ақ қажылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі де миссияның бақылауында болатыны айтылды.

ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғар миссия өкілдерінің міндетін шегелеп, бес парыздың бірі саналатын қажылыққа мұқият дайындық жасауды тапсырды.