Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина алғандар жөнінде жаңа деректер жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы бірінші компонентпен 9 млн 515 мың 881 адам вакцинацияланды, екінші компонентпен 9 млн 294 мың 229 адам екпе алды. 4 млн 728 мың 908 адам қайта вакцинацияланды.
Коронавирус жұқтырған 160 қазақстандық ем қабылдап жатыр.
Аяна Тоғанбек