Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың бірінде өрт шығып, бір жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 15 маусым күні сағат 00:50-де (Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша) Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Жаңаөзен қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан «Өзенмұнайгаз» АҚ-да орын алған.
Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, сағат 01:51-де өрт сөндірілді. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Өрттің мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиға орнына 8 қызметкер, 2 техника Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтен 4 маман мен 14 техника жіберілді.
Аяна Тоғанбек