Маусым айының ортасында Өскемен қаласы полиция басқарамысына облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалғанын айтып, жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, бұрын өзіне таныс әйел тыйым салынған мүлікті банктерден сатып алу сылтауымен және оны одан әрі сату үшін оның 2 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
«Жауап алу кезінде кінәсін мойындаған 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды», деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметы.
Ведомство өкілдері бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын айтты.
Аяна Тоғанбек