Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына енгізілген өзгерістермен жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аталған өзгертулер «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03.05. №887 Жарлығын орындау мақсатында жасалды.
Осыған дейін, МКК-де жаңа облыстардың заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлеріне, жеке тұлғаларына қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ екенін хабарлаған. Өйткені ақпараттық жүйелерде салық төлеушілерді қайта тіркеу автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ бақылау-касса машиналары (БКМ) тіркелген мекенжайлар да автоматты түрде жаңартылады.
Жаңа кодтар салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу үшін қажет.
МКД, МКБ атауы
Код
ҚР ҚМ МКК Жетісу облысы бойынша МКД
7001
МКД Ақсу ауданы бойынша МКБ
7002
Алакөл ауданы бойынша МКБ
7003
Қаратал ауданы бойынша МКБ
7004
Кербұлақ ауданы бойынша МКБ
7005
Көксу ауданы бойынша МКБ
7006
Панфилов ауданы бойынша МКБ
7007
Сарқан ауданы бойынша МКБ
7008
Ескелді ауданы бойынша МКБ
7009
Талдықорған қаласы бойынша МКБ
7010
Текелі қаласы бойынша МКБ
7011
ҚР ҚМ МКК Абай облысы бойынша МКД
7101
Абай ауданы бойынша МКБ
7102
Аягөз ауданы бойынша МКБ
7103
Бесқарағай ауданы бойынша МКБ
7104
Бородулиха ауданы бойынша МКБ
7105
Жарма ауданы бойынша МКБ
7106
Курчатов қаласы бойынша МКБ
7107
Үржар ауданы бойынша МКБ
7108
Көкпекті ауданы бойынша МКБ
7109
Ақсуат ауданы бойынша МКБ
7110
Семей қаласы бойынша МКБ
7111
ҚР ҚМ МКК Ұлытау облысы бойынша МКД
7201
Жаңаарқа ауданы бойынша МКБ
7202
Ұлытау ауданы бойынша МКБ
7203
Жезқазған қаласы бойынша МКБ
7204
Қаражал қаласы бойынша МКБ
7205
Сәтбаев қаласы бойынша МКБ
7206