• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2022

Маңғыстауда 28 білім беру ұйымы аттестациядан өтпей қалды

343 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында жыл басынан бері жүргізілген мемлекеттік аттестацияның бірінші кезеңінен 28 білім беру ұйымы өтпей қалды. Бұл туралы облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Мемлекеттік аттестацияда жалпыға білім беру стандартының орындалу барысы қаралады. Оның ішінде, білім беру мазмұнына, оқу жүктемесіне қойылатын талаптар тексеріледі. Оқу жоспарының орындалысы және балалардың білім деңгейі бағамдалады, яғни, 4, 9 және 11-сыныптардан бақылау тестісі алынады. Аттестацияланбаған мектептерде осы тестілеудің шектік деңгейінен өтпей қалған оқушылар болды. Екінші, оқу жоспарының орындалмай қалуы және материалдық-техникалық базасының толық емес болуына байланысты кемшіліктер болды», деді Есболат Өмірзақ өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Атап айтқанда, 21 мектеп, 31 балабақша мен 1 колледж мемлекеттік аттестацияға қатысқан. 11 балабақша мен 16 мектеп екінші рет тексеруден өтуге мәжбүр болған. Балабақшаларды қайта аттестациялау жүргізіліп жатыр.

Аяна Тоғанбек