• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2022

Ерхан ерледі

424 рет
көрсетілді

Қонаев қаласындағы «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығының базасында өткен республикалық «Балдәурен білгірі-2022» зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалар байқауында Қарағанды облысының атынан бақ сынаған Ерхан Бораш бірінші орынды жеңіп алды.

Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентін­дегі мектеп-гимназияның оқушысы аталған са­йыс­­та ақын және сазгер Дәулет Ырысбай­ұлы­­ның шығармашылығына арналған «Арқа­да бар бір ақын Дәулет» атты жобасы­мен қазы­лар алқасының жоғары бағасын алды.

Ерхан Бораштың орындауындағы ақынның «Қарағанды вальсі» композициясы тыңдарман қауым мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленіпті.

Жас дарынның өзі байқаудың тартысты және әділ өткенін айтады.

– Байқауға екі апта бойы тыңғылықты дайындалдым. Қазылар алқасының талқысына ұсынылған жоба өзім оқып жүрген  Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның тәлім­гер-педагогтерімен бірге келісіліп, таңдалды. Бұдан бұрын да байқауларға қатысқ­ан тәжірибеден болар, бұл жолғы сайыста бәлендей толқу бола қойған жоқ, – дейді жеңімпаз.

Ерхан Бораш алдағы уақытта да Дәулет Ырысбайұлының шығармашылығын тереңдете зерттеп, ақынның артында қалған мұрасының ел ішінде насихатталуына барынша көңіл бөлмекші.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы