• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Тамыз, 2022

Талибан «табанына» түскен ел

975 рет
көрсетілді

Бүгінде Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін геосая­си және геоэконо­микалық сын-қатерлер өте өзекті болып отыр. Сарапшылар халықаралық терроризм қауіп-қатері, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін кейінге қалдыруға болмайтынын айтады. Соның ішінде Ауғанстандағы тұрақсыздық одан әрі өршіп баратынына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ондаған жылға созылған қақтығыс халықтың әл-ауқатын әлсіретіп жібергені белгілі. Ал билік басына талибандар келгелі жағдай тіпті ушыға түскен. Енді ауған тұрғындарының болашағы не болмақ? Бүгінде Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін геосая­си және геоэконо­микалық сын-қатерлер өте өзекті болып отыр. Сарапшылар халықаралық терроризм қауіп-қатері, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін кейінге қалдыруға болмайтынын айтады. Соның ішінде Ауғанстандағы тұрақсыздық одан әрі өршіп баратынына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ондаған жылға созылған қақтығыс халықтың әл-ауқатын әлсіретіп жібергені белгілі. Ал билік басына талибандар келгелі жағдай тіпті ушыға түскен. Енді ауған тұрғындарының болашағы не болмақ? 

Естеріңізде болса, маусым айын­да Қазақстанда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Кон­сультативтік кездесуі аясында ұйымдастырылған «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» халықаралық конференциясы өтіп, жиын барысын­да сарапшылар Ауғанстан мә­селесіне база назар аударған еді. «Ауғанстандағы жағдай өте тұрақ­сыз болып отыр. Ел гуманитарлық апат пен экономикалық коллапс шегінде өмір сүріп жатыр. Ша­мамен 19,7 млн адам, ха­лықтың жартысына жуығы қат­ты аштықтан зар­дап шегуде. БҰҰ есептеуі бо­­йын­ша, бұл дағ­дарыстан шығу үшін шамамен 4,4 млрд доллар қажет», деді Президент жанындағы Қазақ­станның стратегиялық зерттеу­лер институтының директоры Ер­кін Тұқымов Ауғанстандағы халықтың жағдайын саралап. Ал Қырғызстанның Ұлттық страте­гиялық зерттеулер институтының директоры Рустам Асизбаевтың пікі­рінше, әлемдегі геосаяси жағ­дайдың ушығуы болашақта Орталық Азия елдеріне қатты әсер етіп, зиянын келтіруі мүмкін. Осы орайда ол Ауғанстан мәселесінен айналып өтпеуі қажетін айтты. «Ауғанстанды талибандар басқарғаннан бері халықтың жағдайы нашарлады. АҚШ осы жылы әскерлерін елден шығарып, ондағы проблеманы Орталық Азия елдеріне қалдырып кетті. Олар біздің гуманитарлық көмегімізге мұқтаж. Қырғыз елі мұндай кө­мекті көрсетіп келді, көрсете бе­реді де», деді Р.Асизбаев.

Осылайша, Орталық Азия елдері Ауғанстанға көмек қолын созуды жалғастырамыз деп шеш­ті. Алайда сырттан келер мате­риал­дық көмек халықтың жағдайын жақсарта қоймасы анық, өйткені «билікке келген талибандар елде бейбітшілік пен тұрақтылық орна­туға уәде еткенімен, оны орын­дауға асығар емес, ауған халқы үміт­сіз күйде», деп мәлімдеді The Guardian басылымы. Сарапшылар осыған дейінгі АҚШ-пен жүргізген халықаралық келіссөздерінде тали­бандардың берген уәдесі жал­ған деп есептейді. Олардың өкіл­дері халықаралық конферен­цияларда, т.б. жиындарда үне­мі «әйелдердің білім алуға және жұмыс істеуге исламдық құқығы бар, соғыс болмаса, Ауғанстан экономикасында өсу динамикасы байқалады», деп айтып келді. Ал «бір жылға жуық уақыттан кейін бұл сөздері мен ісі жалған екені байқалды. Қазір қарапайым тұрғындар, атап айтқанда, парсы тілді ауғандар ауған тілінің дари диалектісінде сөйлейді. «Талибандар басқа­ратын Ауғанстан – ешбір ел, тіп­ті бұрынғы одақтастары да мойын­дамаған. Өткен аптада АҚШ Кабул­дың элиталық Шерпур ауда­­­нының қақ ортасында «Әл-Қаида» жетекшісін өлтірген кезде олардың ескі одақтастарына жақындығы анық байқалды», деп жазады Батыстық бұқаралық ақпарат құралдары.

Талибандар әсіресе әйелдерге қатаң шектеу қойған. Оларға орта білім алуға тыйым салынады және олардың көпшілігі денсаулық сақтау мен білім беру­ден тыс жерлерде жұмыс істейді. Олар кез келген уақытта ер қам­қоршыларымен бірге жүруге және көпшілік алдында беттерін жа­буға мәжбүр. «Бір талибанның базарда әйелдерді ұрғанын үш рет көрдім. Тағы бір жолы олар қыздарды күліп, қатты сөйлегені үшін соққыға жықты. Менің талибандар рұқсат еткен ұзын қара абая киюге мүмкіндігім жоқ, оны сатып алуға отбасымның қалтасы көтермейді. Содан бері мен мед­реседе (діни мектеп) оқуды да қой­дым, бұл жауыздардың көзіне кө­рінгім де келмейді, сондықтан үйден шықпауға тырысамын», деді 16 жастағы Кабул тұрғыны Фархунда The Guardian газетіне берген пікірінде.

Талибандар Ауғанстанның қазіргі экономикасын одан әрі құл­дыратып жатқан сыңайлы. Өйткені олар елдегі ірі және орта бизнес өкілдерінің жұмысына тосқауыл қоя бастаған. «Біз бұрынғы үкіметпен саяси байланыста болған жоқпыз, бірақ «Талибан» біздің осында бизнес жасап жатқанымыз үшін бізден «кек алуда». Мен оларға билікке келгенге дейін 3 млн доллардан астам мәжбүрлі «салық» төледім. Көптеген кәсіпорын банкротқа ұшырап жабылып қалды. Егер бұл жалғаса берсе, кәсіпкерлік мүлдем жойылып кететін түрі бар», деді Кабулдағы ірі бизнес­мен­дердің бірі. Талибандар оның кәсіпорнындағы құрал-жаб­дық­тарын тәркілеп, өндірістің бір­неше секторындағы лицензияларын тоқтатқан. Соның кесірінен кәсіпкер 500-ге жуық қызметкерді жұмыстан босатуға мәжбүр болған. Осылайша, ауғанның бұрынғы дәулеті асып-тасыған байлары аста-төк жағдайынан айырылған, ал орта таптың көпшілігі бір күнде кедейлік пен аштыққа ұшыраған. Қазір халықтың жартысынан көбі азық-түлік көмегіне мұқтаж.

Кабулдың Сардар есімді тұр­ғыны The Guardian-ға әйелімен бірге мемлекеттік қызметте жұ­мыс істеп, жер алып, үй салуға же­тетін ақша тапқанын, алайда тали­бандар билікке келгенде екеуі де жұмыстан босатылғанын айтты. Бүгін ол жұмыссыз, өз бетінше ақша табуға мәжбүр. «Өмірімде үйде отырып көрмеген адаммын, мемлекетке қызмет еттім, енді жағдайым қиын болып тұр, асырайтын отбасым бар. Ант етемін, менің үйімде қазір тіпті

1 000 афгани (ауған ақшасы) таппайсыз, анам қант диабетімен ауырады, ал бізде оның дәрі-дәрмегіне ақ­ша жоқ», деді ол. Ал елдің жаңа басшылығы халықтың мұндай қайғы-қасіретіне салқындық танытып, олардың үкіметке емес, Құдайға сену керектігін алға тартады. «Талибандар ішкі қолдауды жоғалтып жатыр және олар мұны өте жақсы түсінеді. Бірақ олар ұс­­танған саясатынан тартынар емес», дейді атын атамауды өтін­ген жо­ғары лауазымды «Тали­бан­мен» бай­­ланысы бар ауғандық сарапшы.

Қазір білімді, жоғары қызметте жұмыс істеген ауғандардың тұ­тас бір буыны өзге елдерге қа­шып кеткен. Өйткені талибандар бірнеше жыл бойы БАҚ, аза­маттық қоғам және үкіметтегі кәсіби мамандарды өлтіріп, са­уат­ты халықтың көзін жоюға әре­кеттенген. Бұрынғы барлау офицерлерінің бірі Observer басылымына талибандар оның қа­ласына жеткен күні қызметінде жүріп үш рет қамауға алынғанын айтып берді. Сондай-ақ қаржылық резервтер және санкциялармен күресіп жатқан орталық банкте «тек орта және төменгі деңгейдегі қызметкерлер қалды, ал ең тәжі­рибелі топ-менеджерлер шетелге қашып кетті» деп мәлімдеді Observer басылымына бірнеше ай бойы дағдарыс келіссөздеріне қатысқан банк басшысы.

Осылайша, сарапшылар тали­бандардың билігіне бағынуға мәжбүр болған ауған халқының болашағына күмән келтіреді.