• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Тамыз, 2022

Бірлескен оқу-жаттығу нені көздейді?

1643 рет
көрсетілді

Корей түбегінде Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының бірлескен әскери жаттығулары өтіп жатыр. Шыңдалған әскери күштер Солтүстік Кореяға қарсы соғысқа жұмылдырылады.

Оқу-жаттығу алаңында құ­пия қойма жасақталған. Онда «Сол­түстік Корея зымы­ран­да­ры­ның жерден аспанға қай уақыт­та көтерілетінін анықтауға мүмкіндік бар», деді АҚШ жа­ғын­­­дағы операциялық орта­лық­­­тың басшысы, полковник Энтони Кучински ВВС-ге берген сұхбатында.

АҚШ Әскери-әуе күш­те­­рі­нің Осан базасындағы бұл опе­ра­циялық орталық екі армия үй­ле­сімді жұмыс істейтін әлемдегі жалғыз орын екенін атап өткен жөн. Осы аптада екі мем­лекет армиясы соңғы төрт жылда алғаш рет Солтүстік Ко­рея­ның шабуылына қарсы дала жаттығуларын өткізуді бастады. Жылдар бойы өткізілген дәстүрлі іс-шара 2018 жылы АҚШ пен Оңтүстік Корея Сол­түс­тікті ядролық қарудан бас тар­туға көндіруге тырысқан уа­қыт­та тоқтатылған еді. Бірақ барған са­йын Солтүстік Кореямен жау­­ласуға итермелеген қарым-қа­ты­настан соң екі ел билігі жат­ты­ғ­уларды қайта бастаудың уа­қыты келді деп шешті. Өйт­ке­ні Солтүстік Корея биыл зы­мы­ран санын арттырып, қару-жарағын жетілдіріліп келеді. Әскери сарапшылар «зымырандар жолдағы кедергілердің барлығын жайпап, нысанаға дәл тию қабілетіне ие», дейді.

Сонымен бірге, барлау қыз­ме­ті Солтүстік Корея жетін­ші ядролық сынағын өткізуге да­йын екенін айтады. Бұған қоса Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өзінің ядролық қ­а­руын Оңтүстікке қарсы қол­да­нуға әзір екендігін айтып, ескерту жа­са­ға­ны мәлім. Осының бар­лы­ғын ескере отырып, Сеулге қауіп төніп тұрған шақта Ulchi Freedom Shield деп аталатын тоғыз күн­дік жат­ты­ғуға ұшақтар, әске­ри ке­мелер мен танктер жұмыл­ды­­рылып жатыр. Ресми ха­бар­­­ламалар жариялағандай әс­ке­рилер Солтүстік Кореяның шабуылына қалай тойтарыс беру керектігін ғана емес, сонымен бірге жекелеген «жау» әскерлеріне қалай қарсы соққы беруді де үйренуде.

Бірақ бұл жаттығулар Сол­түстік Кореяның ашуын туғы­зу­ы мүмкін деген қауіп бар. «Пхеньян кезекті зымыранда­рын сынап, көптен күткен ядролық сынағын өткізіп, тіпті кішігірім қақ­тығысты бастау арқылы жауап қайтаруы ықтимал», дейді сарапшылар. Ал Оңтүстік Корея Қорғаныс министрінің орынбасары Шин Беомчул Би-би-сиге берген сұхбатында: «Олар бұл жаттығулардың қорғаныс мақсатында өтетінін біледі, алайда білмегендік танытып «пайдалануы» мүмкін», деді. Алайда Осан әуе күштері базасындағы әуе күштерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Скотт Плеус бұл пікірді үзілді-кесілді жоққа шығарады. Ол «Солтүстіккореялықтардың әрекетіне біз де дәл солай деп жауап бере аламыз, оған толық мүмкіндігіміз бар», деп жауап берді.

Сеул де егер Пхеньян ядролық қаруды сынаса, оған сөзсіз жауап қайтарылатынын ескертті. Вице-министр Шин Оңтүстік Кореяға америкалық бомбалаушы ұшақтар мен басқа да қару-жарақ жіберілетінін, ал Сеулдің Вашингтонмен бірге қосымша санкциялар салатынын растады. Оңтүстік Кореяның ядролық қаруы жоқ, алайда Америка Құрама Штаттары қажет болған жағ­­дайда Сеулді қорғау үшін өзі­нің ядролық қаруын пайдаланады деген келісім барын жеткізді Шин.

Дегенмен Оңтүстік Корея билігі Солтүстік Кореяның шабуыл жасамасына үмітпен қарайды, бірақ халық бұған барған са­йын наразылық танытуда. Биыл жүргізілген сауалдама халықтың 71 пайызы елдің өзінің ядролық қаруын жасауын қолдайтынын көрсеткен, алайда Оңтүстік Корея президенті мұны жоспарламайтынын айтады. Ол АҚШ-қа сенетін сыңайлы. Генерал-лейтенант Плейс те елді «жауға» бермейтінін айтып, сендіріп бағуда. «Корей түбегін күн сайын 28 500 АҚШ әскері күзетеді, халық қорқыныш сезімін сейілтіп, бізге сенулері қажет», деп мәлімдеді ол.

Бірақ барған сайын АҚШ пен Оңтүстік Корея «күшті» қар­сы­лас­қа тап болғанын, оларға қар­сы әскери дайындық жүргізуден басқа амалы жоқ екенін мойындайды.