Халықаралық Түркі академиясы Елтеріс Құтлық қаған бітіктасы мәтінінің алғашқы оқылымын жариялады. Бұл туралы Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚҰТЛЫҚ ҚАҒАН БІТІКТАСЫ МӘТІНІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОҚЫЛЫМЫ
Ғылыми экспедиция мүшелері:
Д.Қыдырәлі, А.Энхтөр, Н.Базылхан,
Н.Бөгенбаев, Ц.Буянхишиг, Г.Батболд
Бітіктастың жалпы өлшемі 70х74,5 см, ені 19 см. Аталған бітіктастың әр қырында мәтін жазылған. Алайда қазір алдын-ала зерттеу бойынша бет тұсының 19 жолынан 12 жолы жақсырақ сақталынған және алдын-ала оқылымы мынадай:
№
1
Ud yïl: toquzunč: ay: …[……….]
Сиыр жылы: тоғызыншы ай
2
……
....
3
…..Teŋri: oγlu: [……….]
..Тәңірі ұлы
4
Qutluγ qaγan: Türük [……….]
Құтлық қаған : Түрік
5
Ur oγlum: M[k]ön…..yü…[……….]
Ұл балам, көз...
6
Biziŋ:öŋlig:..t.. [……….]
Біздің.....
7
es[?] : Ïtdïm: bizi: yat: er: [……….]
Жасадым: бізді жат: ер....
8
Yerde: …..tuz…..[……….]
Жерде...
9
Tümen: Tümen: [……….]
Түмен :түмен
10
es[?] el[is]ig [?]:küčüg: biz[ber-?]
Істі күшті бер....
11
Atadïm: bi tidim [……….]
Атадым: бі..тідім...
12
es[?] : Qop ešti [……….]
Көп естідік
Академия басшысы мәтіннің қалған бөлігі кейін жарияланатынын жеткізді. Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі экспедицияға қатысқан, жаңалықты ашқан - Напил Базылхан, А.Энхтөр, Нұрболат Бөгенбаев және басқа да әріптестерін құттықтап өтті.