• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қазан, 2022

ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Президент реформасын оң бағалады

274 рет
көрсетілді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен онлайн форматта кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Рибейро ханымға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіп отырған реформалар, отандық медиа саласының дамуы, журналистердің құқығын қорғау және мәртебесін көтеру, сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтты.

Тереза Рибейро ел Президентінің Қазақстандағы реформаларында ақпарат құралдарын дамытуға назар аударылғанына тоқталып, медиа заңнама жобасына қатысты бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, Дархан Қуандықұлы Рибейро ханымды жуырда елордада өтетін Astana Media Week іс-шарасына шақырды.