• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Президент 08 Қараша, 2016

Назарбаев Жапонияның іскер топ өкілдерімен кездесті

9841 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы жетекші жапон компаниялары өкілдерімен кездесу өз сапары аясындағы аса маңызды іс-шараның бірі екенін атап өтті.

«Осы сапардың қорытындылары біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа сапалық деңгейге көтеруде шешуші рөл атқаратынына сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті екі ел түрлі бағыттағы, соның ішінде мұнай-газ, металлургия, қаржы салалары, тау-кен өндірісі бойынша ынтымақтастық орнатып отырғанын атап өтті. «Республикамызда 50-ден астам жапон кәсіпорындары жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге біздің қатынастарымыздың әлеуеті толық пайдаланылып отырған жоқ. Сондықтан бүгінгі кездесуіміз сауда-экономикалық өзара іс-қимылымызды жандандыруға арналады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізде бизнеспен шұғылданудың жағдайын жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанын, Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде Қазақстан 35-орынға шыққанын атап өтті.