• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қараша, 2022

Мәншүктің ерлігі – жастарға өнеге

783 рет
көрсетілді

ХХ ғасырда ерліктің алтын ескерткішін тұрғызып, Кеңес Одағының Батыры атағын бірінші болып алған қазақ қызы – Мәншүк Мәметованың дүниеге келгеніне биыл 100 жыл толып отыр.

Соғысқа бару сұранысы қабыл болып, әскер қатарына алынған Мәншүк ұрыс алаңына аттанардан бірнеше күн бұрын бригада командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары міндетін атқарған подполковник Сақтаған Бәйішев Мәншүктің өтінішіне құлақ асып, оны пулеметшілер ротасына жіберу туралы шешім қабылдайды.

Мәншүк Жиенғалиқызы 1942 жылдың қарлы қысында Великие Луки қаласын жау қолынан азат етуге тікелей қатыса жүріп, ұрыс алаңында санитар нұсқаушы болып шайқасқан. Кішкентай кезінде әкесі Ахметке еліктеп дәрігер болуды арман еткен ол медицина институтының бірінші курсын тәмамдап үлгерген болатын. Ақыры қан майданда жауынгерлерге көмек көрсетіп, «Қайырымды солдат» атанады. Арасында бос қалған пулеметпен жау әскерін атқылай жүріп, ерекше көзге түседі. Өжет қыздың бұл іс-әрекеті оны пулеметші боламын деген арманына жеткізеді. 1943 жылы командир Мәншүктің өтінішін орындап, алдыңғы шепке алады. Сөйтіп, ол пулеметшілер батальонына қосылады. Тіпті бөлім командиріне дейін көтеріліп, сержант атағы беріледі.

 Батыр қыз 1943 жылдың 15 қазанында ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. Оның қазасы майдандастарының да қабырғасын қайыстырды. Сол кездегі түрлі бұқаралық ақпарат құралдары Мәншүк туралы жарыса жазып, оның есімін елге ұран етті. Қаза болғаннан алты ай өткен соң Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жалпы халқымызда жауға ерлермен қатар қасқайып қарсы тұрған қыздарымыз аз болмаған. Бүгінгі заманда да жоқ емес. Бұл сөзімізге қыздарымыздың кешегі Желтоқсан көтерілісі кезіндегі ерлік қадамдары дәлел бола алады.

 

Қуанәлі АЛМАСБЕКҰЛЫ,

Шелек тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы

 

Алматы облысы