• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 28 Қараша, 2022

Сайлау: Кімдер Сенат депутаты бола алады?

1715 рет
көрсетілді

2023 жылдың 14 қаңтарында Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Конституцияға сәйкес Парламент депутаты соңғы 10 жыл бойы ел аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматы болуы керек. 30 жасқа толған, жоғары білімі бар, жұмыс өтілі кемінде бес жылды құрайтын адам үміткер бола алады», деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сондай-ақ ол заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген соттылығы бар адам ҚР Парламенті депутаттығына кандидат бола алмайтынын айтып өтті.

Айта кетсек, кандидаттарға қойылатын талаптар ҚР Конституциясының 33 және 51-баптарында, сондай-ақ «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 4-бабында көрсетілген.