• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 29 Қараша, 2022

Жазба деректегі Тараз

357 рет
көрсетілді

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қоры­ғының ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Тараз» монографиясының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты Таисия Сенигованың 100 жылдық мерейтойына орай «Жазба деректеріндегі Тараз» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Іс-шара басталмас бұрын келушілер музейдің ұйымдастыруымен ежелгі экспонаттардан тұратын «Тараздың жауһар жәдігерлері» атты жылжымалы көрмені тамашалады. Бас­қосуда алғаш сөз алған «Ежелгі Тараз ескерт­кіштері» тарихи-мәдени музей-қоры­ғының директоры Берік Жүсіп Таисия Сенигованың жарты ғасыр бұрын жарық көрген монографиясын қазақ тіліне аударып, Тараз жұртын төл мәдениетімен, археологиялық мұраларымен таныстыру керектігін тіліне тиек етті. Сондай-ақ конференция барысында «Тараз қалашығының археологиялық зерттелуі», «Тараз қалашығын зерттеген көрнекті архео­логтер жа­йын­­дағы естеліктер», «Жам­был об­лы­сының археологиялық экспе­ди­ция­ларының далалық материал­да­ры» және «Т.Н.Сенигованың «Ор­та­ғасырлық Тараз» монография­сы – Оңтүстік Қазақстанның орта­ғасырлық қа­лаларын зерттеудің негізі» секілді өзекті тақырыптар талқыланды.

Конференция барысында Мадияр Елеуов, Жұман Смайлов, Дөкей Тә­леев, Серік Ақылбек, Ералы Ақым­бек, Борис Железняков, Мәмбет Ша­ғыр­баев, Сауран Қалиев баяндама жасады. Іс-шараға Таисия Сенигованың қызы Инна Бочкарева Мәскеуден бей­не­байланыс арқылы қосылып, ұйым­дастырушыларға алғысын жеткізді.

 

ТАРАЗ