• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Президент 08 Қараша, 2016

Назарбаевқа бейбітшілік мәдениетінің арнайы сыйлығы табысталды

9773 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Гои бейбітшілік қоры атындағы «Ядролық қарусыздану жəне таратпауға қосқан елеулі үлесі үшін» 2016 жылғы бейбітшілік мəдениетінің арнайы сыйлығы табысталды.

Сыйлықты Гои бейбітшілік қорының төрайымы Масами Сайонджи мен қор президенті Хироо Сайонджи табыс етті. Гои бейбітшілік қоры бейбітшілік бастамаларды ілгерілету саласындағы өзінің кең ауқымды халықаралық қызметімен танымал Жапониядағы ең  ірі үкіметтік емес қорлардың бірі саналады.

2000 жылдан бастап Гои қоры жыл сайын адамзат пен Жердегі барлық тіршілік иелері үшін қауіпсіздік пен үйлесімділікке қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосқан жекелеген тұлғалар мен ұйымдарды «Гои бейбітшілік сыйлығымен» марапаттап келеді. мәселен, 2008 жылы бұл сыйлықты «Майкрасоф» коорпорациясының негізін қалаған Б.Гейтс алған еді. Мұнан бөлек Гои қорының «Әлем мәдениеті арнайы сыйлығы» деп аталатын тағы бір сыйлығы бар. Бұл сыйлық бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік мәдениетін таратып, ілгерлету ісіне айтарлықтай үлес қосқан жеке тұлғалар мен ұйымдарға беріледі.

«Бейбітшілік мәдениеті арнайы сыйлығын» алғандар қатарында БҰҰ Жапон қоғамдастығының президенті С.Сэн, Нобель сыйлығының лауреаты М.Горбачев, есімі әлемге танымал дирижер Х.А.Абреу бар. Сыйлық медаль мен құрмет қағазы түрінде болады.

Медальдің бір бетіне лауреаттың аты-жөні, сыйлықтың берілген жылы және қор атауы, ал екінші бетіне қор ұраны, сыйлықтың атауы жазылып,  жұлдызға ұмтылған адам бейнесі таңбаланады. Ал құрмет қағазында жапон тілінде лауреаттың сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, сыйлықтың берілгендігі қуатталады.