9 желтоқсанда Бішкек қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытынды отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесуде келесі мәселелер талқыланады:
ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды қаржыландыру көздері мен тетіктері ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысы ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жою жағдайы Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздер барысы ЕАЭО-ның 2023 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары ЕАЭО туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасына қол қою ЕАЭО органдарында төрағалық етуСаммиттің қорытындысы бойынша 2023 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне төрағалық ететін мемлекеттің Ресей Федерациясын айқындауын көздейтін Жоғары Кеңестің шешімін қабылдау жоспарлануда.
2022 жылы ЕАЭО органдарына Қырғызстан төрағалық етті. Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан кіреді.