• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Желтоқсан, 2022

Ішкі жалпы өнім 4 пайызға өседі

442 рет
көрсетілді

Еуразиялық даму банкі­нің кезекті макро­эко­номикалық шолуында Қазақстан ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) өсімінің қарқыны базалық сценарий бойынша 2023 жылы – 4,2 пайызға, 2024 жылы 4,4 пайызға жеделдейтіні айтылған.

Банк сарапшыларының па­йым­­дауынша, үкіметтің қолдау шаралары және өндіріс қуатының артуы сыртқы теріс әсерлердің салқынын сездірмеуге септеседі.

«2023 жылдың қорытындысы бойын­ша инфляция 7,8 пайызға дейін баяулайды. Бұған әлемдік на­рық тарапынан баға қы­сымы­ның әлсіреуі және жаһан­дық жет­кізу тізбегіндегі балама маршрут­тар­дың реттелуі әсер етеді. 2024 жылы тұты­ну­шылық баға өсімі 4-6 пайызға дейін баяу­лайды деп күтеміз», делінеді шолуда.

Олардың есептеуінше, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бо­йынша Қазақстан экономика­сы 2,8 пайыз өсім көрсет­кен (2021 жылдың 9 айымен са­лыс­тырғанда). Бірінші жарты­жыл­­дықтан соң ІЖӨ өсімі 3,6 па­йыз­дан баяу­лаған. Бұл өз кезегінде көптеген кен орынының жос­парл­ы жөн­деу жұмыстарына жабылуы және Каспий құбыр консорциумы бойынша мұнай тасымалдаудағы іркілістерге байланысты.

«Сыртқы қысымға қара­мас­тан биыл экономиканың бар­лық секторында өсім сақ­тал­ды. Ұлттық экономика министр­лі­гінің алдын ала баға­лауы бойынша, қызмет көр­­­сету секторындағы өсім (9 ай қо­­ры­­тындысы бойынша) 1,9 па­­йыз болды. Тауар өнді­рісін­дегі өсім – 3,1 па­йыз. Құ­ры­лыс секто­рында да оң өсу қар­қыны байқалады. Ауыл шаруа­шылығы тауарын өндіру 6,1 пайызға ұлғайды.

«2022 жылдың қорытын­ды­сы бойынша ІЖӨ өсімі 2,8 па­йыз деңгейінде күтілуде. Сауда серіктесінің (Ресейдің) ІЖӨ-нің төмендеуі болжан­ғаннан гөрі терең емес деп күтілетіндіктен, болжам 0,3 пайыздық пункт­ке өсті», деп жазады ЕАДБ.

Аталған банктің мәлім­деуінше, инфляция жо­ғары қар­қынмен өсуде. Әлемдік логистикалық жүйеде жаңа сын-қатерлердің пайда болуы жаһандық жеткізу тізбегіндегі проб­лемалардың шиеленісуіне алып ке­леді. Жаңа тауарларды жеткізу маршруттары қа­лыптастырудың бастап­қы сатысында тұр. Жаһан­дық ло­гис­тикалық дағ­да­рыс ұзақ­қа созылған сипатқа ие болды. Бұл өндірушілерге қысым­ды күшейтеді және олардың шы­ғындарын түпкілікті тұтыну­шыға ауыстыруға мәжбүр етеді. Осыған байланысты азық тү­лік­тік емес тауарлар бағасы өсуінің жеделдеуі байқалады: 2022 жылғы қазанда 17,9 пайызға дейін, 2022 жылғы қаңтарда 8,5 пайызға дейін.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақс­тан­да ішкі бағаның тым қатты көтерілуіне – бейрезиденттер тарапынан тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстың тым жоғары өсуі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тарифтерінің көтерілуі және білім беру ақысының қымбаттауы ең бірінші кезекте әсер етті. Импорттық тауарлардың қым­баттауы ішкі нарықтағы азық-түлік бағасының 2022 жылы қорытындысы бойынша 23,1 пайызға өсуіне алып келген.

«2022 жылдың қаңтар-та­мы­зының қорытындысы бо­йын­ша сыртқы сауда айналымы 36,3 пайызға өсті. Экспорттың құн көлемі 50,6 пайызға артты. Бұған негізінен мұнай мен газ кон­ден­са­тының тасымалы үлес қосты. Аз көлемде химия саласы, ме­тал­лургия, көлік құрастыру және азық-түлік өнімдерінің де үлесі бар», дейді ЕАДБ сарапшылары.

Банк мамандарының баға­лауын­ша, 2023 жылы ел экономикасы 4,2 пайызға дейін өседі деген болжамға негіз болып отырған басты фактор – Теңіз мұнай кен орнындағы қуаттылықтың өсуі.

«Экономиканы әр­та­рап­тандыруға, еңбек нарығын қайта құруға және жеке бастаманы дамытуға бағытталған құрылымдық реформаларды іске асыру өңдеу салалары мен қызмет көрсету саласындағы өсу әлеуетін арттыруы мүмкін. ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі міндеттемелер және әлемдік экономиканың әлсіздігі 2023 жылдың басында Қазақстанның экспортын тежеуі мүмкін. Салық-бюджет саясаты сыртқы сектор тарапынан туындайтын жағымсыз әсерлерді жұмсартуға бағытталатын болады және жоғары инфляция жағдайында ішкі тұтынушылық сұранысқа қолдау көрсетеді», деп болжам жасайды.

Ал ІЖӨ 2024 жылы 4,4 пайыз деңгейінде өседі. Бұған себеп – Теңіз мұнай кен орнының толық қуаттылықпен жұмыс істей бастауы. Сонымен қатар Ұлттық банк тарапынан базалық мөлшерлеменің төмендетілуі де несие беруге тың серпін беріп, экономикалық белсенділікті күшей­туге тиіс.