• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Президент 30 Желтоқсан, 2022

Президент Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барды

369 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы Смарт сыныптың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Ем алып жатқан балалар оқудан қол үзіп қалмауы үшін «Ақылды сынып» ұйымдастырылған. Мұнда мектеп бағдарламасына сәйкес математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады.

Мемлекет басшысы республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен әңгімелесіп, жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қазір балалар бөлімшелерінде 351 бала ем алып жатыр. Биыл бұл жерде 18 мыңға жуық бала емделген.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.