• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Қаңтар, 2023

5G жиілігіне арналған аукцион

200 рет
көрсетілді

Қазақстанда алғаш рет байланыс операторлары арасында жиіліктерді бөлу бойынша электронды сауда-саттық басталды. Аукцион ұялы байланыстың бесінші буынын (5G) енгізу және жиілік диапазондарын бөлуді көздейді.

Бәсекелестікті қалыптастыру бағытында аукционға радиожиі­ліктерді бөлу тәртібімен бекі­тіл­ген талаптарға сәйкес келетін компаниялар қатыса алады. Бұл аукцион 5G технологиялары үшін ра­диожиіліктерді таратудың ашық механизмін көрсетеді. Осындай іс-шаралардың өткізілуі елдегі телекоммуникациялық желілердің дамуына серпін бе­ретіні сөзсіз. Оған қоса, жаңа операторлар үшін бәсекелестік ор­таның құрылуына мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда технология­лар қарқынды дамып келеді. Сон­­дықтан әртүрлі экожүйе­лер­­ді, қосымшаларды, қыз­мет­­терді жүйелендіру үшін са­палы инфрақұрылым қалып­тас­тыруымыз қажет. Әрине, 5G технологиясын дамыту үшін бірнеше жыл қажет. Алайда осы уақыт ішінде трафиктер едәуір үлкен көлемде дамып, жаңа қызметтер пайда болады. Біз аза­маттарымызға сапалы заманауи сервистерді ұсыну үшін, жаңа ұялы байланыс жүйесін енгізуді көздеп отырмыз», дейді Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек.

Аукцион шарттары бойынша қатысушыда – кемінде алты облысты, республикалық маңызы бар қалаларды қамтитын теле­ком­муникациялар мен ұялы бай­­ланыстың магистральдық же­­лілері және мемлекеттік лицен­зиясы болуға тиіс. Тағы бір ма­ңызды талап – қатысушы компания тарамаған немесе банкротқа ұшырау сатысында болмауы керек. Оған қоса, кепілдік жарнаны төлегені туралы құжаттарды ұсынуға міндетті.

GSMA Intelligence халық­арал­ық ұйымының жаһан­дық және өңірлік зерттеуі 2030 жылға қарай 5G технологиялары жалпы ішкі өнімге және әлеуметтік-экономикалық жағ­дайға оң әсерін тигізетінін ба­ғалаған.

Халықаралық талдау негізінде C-band диапазонында 5G технологиясын енгізу 2030 жылы әлемдік ІЖӨ-нің 610 млрд доллардан асуына (өсуіне) әкеледі. Бұл 5G технологиясының жалпы әлеуметтік-экономикалық әсерінің 65 пайызын құрайды.

5G технологиялары мен қызмет­терінің әлеуметтік-эко­но­микалық әсерінен басқа, денсаулық сақтау мен білімге қол­жетімділікті жақсарту, қо­ғам­дық қауіпсіздікті арттыру және қоршаған ортаның ластануын азайту сияқты қосымша артық­шылықтары күтілуде. Жоғарыда аталған зерттеу бойынша ТМД елдерінде 5G-ді қолданысқа енгізу арқылы ІЖӨ-нің 14 млрд долларға өсуі болжанады, оның ішінде Қазақстанның үлесі – 12 пайыз. 2020-2030 жылдары әлем бойынша 5G технологиясын енгізудің артықшылықтарын ескере отырып, C-band 5G диапазонына басымдық беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясаты және құрылған инфрақұрылым  алдағы жылдары экономикалық дамуға ықпал етеді», делінген министрлік хабарламасында.

Сала мәліметі бойын­ша, да­мыған елдерде 5G жиіліктерін сату аукциондарында қомақты қаражат бөлінген. Мысалы, Швей­­­царияда – 378 млн доллар, Ита­лияда – 6,5 млрд еуро, Испа­нияда – 437,6 млн еуро, Аустрияда – 188 млн еуро, Ұлыбританияда – 1,35 млрд еуро, Германияда – 6.5 млрд еуро, Оңтүстік Кореяда – 3,3 млрд доллар.