• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қаңтар, 2023

Зейнетақы мен жәрдемақы өсті

365 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті. Бұл 4,4 млн зейнетақы мен жәрдемақы алушыға әсер етеді. Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 4,6 трлн теңге қарастырылған.

Базалық зейнетақының мөл­шері ең төменгі күнкөріс дең­ге­йінің жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып, сондай-ақ Мем­ле­­кет басшысының тапсыр­ма­сына сәйкес оның ең төмен­гі мөл­шері ең төменгі күнкөріс дең­гейі­нің 54%-дан 60%-ға дейін ұл­ғаюына байланысты артты.

Ынтымақты зейнетақы мөл­шері инфляция деңгейінен 2%-ға көтерілді. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін (158,7-ден 189,8 мың теңгеге дейін) ұлғайтылды.

Нәтижесінде, бюджеттен төле­нетін зейнетақы төлем­дері­нің ең төменгі мөлшері 68,2 мың теңгеден 77,4 мың теңгеге дейін өсті. Зейнетақының өсуі барлық 2,2 млн зейнеткерге әсер етті.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі­нің ұлғаюына байланысты мүге­дектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақылардың мөлшері де артты.

Айлық есептік көрсеткіш (бұ­дан әрі – АЕК) мөлшерінің ұл­ғаюын­а байланысты тағы да бір­қатар жәрдемақының мөлшері өсті.

Мәселен, жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де әйелдерге бала тууға байланысты тө­ленетін мемлекеттік қолдаудың мөлшері енді: бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК немесе 131 100 теңге (2022 жылы – 120 840 теңге), төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 217 350 теңгені (2022 жылы – 200 340 теңге) құрайды.

Республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін ата-аналарға бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындалады, оның мөлшері АЕК өсуін ескере отырып, биылдан бастап 8,5%-ға өсті.

Жұмыс істейтін ата-аналар бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем­дерді Мемлекеттік әлеу­мет­­тік сақтандыру қорынан ала­ды. 2023 жылдан бастап Прези­дент тапсырмасымен бала күтімі бо­йын­ша төлем мерзімі бір жыл­дан бір жарым жылға дейін ұзарды.