• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2010

ОЛАР ҚОҒАМНАН БӨЛШЕКТЕНБЕЙДІ

450 рет
көрсетілді

Тағдырдың маңдайға жазға­ны­на шара жоқ. Есту қабілетінен ай­рыл­ған жандар да қоғамның әр мү­шесі секілді өмірдің қызығына бөленгісі келеді. Алайда, кейде ой­лағандай бола бермейтіні өкінішті. Атырауда осындай санаттағы 600-ге жуық мүгедек бар. Олардың 230-ы ғана еңбекпен қамтылған. Бұлар тігін цехында жұмыс істейді, шығармашылық ұжым құрамында түрлі фестивальдарға, өнер сайыс­та­рына қатысады. Облыстық мыл­қау­лар қоғамының басшысы За­ми­ла Ахметова осылай дейді. Мұн­дай жандар әркез қолдауға, қам­қорлыққа мәжбүр болған­дары­мен, оны жеткізіп айта алмайды. Олардың саусақпен сөйлесу тілін көпшілік түсіне бермейді. Дегенмен, олардың арасында өнерлілері де молынан кездеседі. Оны Атырауда “Біз бір коман­да­мыз” республикалық әлеуметтік ак­ция аясында мылқауларды қол­дау мақсатында өткізілген “Ше­ка­расыз қатынас” шарасында бай­қа­дық. Бұл акция облыстық “Жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер” ода­ғының мәжіліс залында өтті. Дәл осы залда есту, сөйлеу қабілеті шек­телген жандар жиналғандарға өз өнерлерін көрсетіп, өнерге, өмір­ге құлшынысы барын аңғарт­ты. Әсіресе, Наташа Цойдың  музыка ырғағымен ән айтуы, яғни әнді саусақ қимылымен жеткізуі тыңдарманын еріксіз ойлантады. Бишілер де жоқ емес. Жадыра Аққалиева мен Гүлнұр Әбілхатаева түрлі халықтың ұлттық билерін мың бұрала билеп, өнерге деген ұмтылысымен, тағдырдың тепері­шіне мойымайтын ерік-жігерімен ерекшеленді. Соның ішінде “Қара жорға” биін айрықша шабытпен, құлшыныспен биледі. Мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ды бір ұйымға біріктіріп, қоғам­нан бөлшектенбеуіне еңбек сіңіріп жүрген Замила Ахметова­ның айтуынша, өкінішке қарай,  сахналық киімдерді ұдайы жалға алады екен. Арнайы тапсырыспен тік­тіруге қаржы тапшы. Мұны өңір­дегі кәсіпорындар басшыла­ры­на құлаққағыс ретінде айтқанын жеткізгіміз келді. Ал Атырау облыстық Азаматтық альянсының президенті, белгілі кәсіпкер  Әлия Бекқожиева мүмкіндігі шектеулі жандарға әркез қолдау көрсетуге ұмтылып жүреді. Аталған шараға кә­сіпкерлер атынан Ә.Бекқо­жиева­­ның бір өзі қатысып, мыл­қау­лар қоғамының 12 мүшесіне ұялы байланыс телефондарын табыс етті. – Біз мұндай жандардан сырт айнала алмаймыз. Өмірге мүмкін­дігі шектеулі болып келгені үшін кінәлі емес. Олар қай кезде де мем­лекеттің, жүрегінде иманды­лық қасиет ұялаған жандардың  қол­дауын сезінеді. Қиындыққа қарамастан, бизнеспен айналы­сып, қоғамдық жұмыстарға бел­се­не араласып жүрген бұл адам­дар­дың төзімділігіне, өмірге талпы­нысына тәнті боласың. Үкіметтің қаулысымен мемлекеттік тапсы­рыс­тың 30 пайызы осындай мүм­кін­дігі шектеулі жандардың үле­сіне берілетінін білеміз. Осыған орай жақында Аджип ҚКО-ның тапсырысымен Мақат ауданын­да­ғы осындай жандармен 4 ай бойы тығыз жұмыс істедік. Оларды  тігін бизнесіне үйреттік. Қазір бұл цех арнайы киімдер, халат, қолғап тігу бойынша бірнеше ірі тапсырыстар алды. Біздің қолдауымыз, көме­гі­міз бүгінгі шарамен шектеліп қал­майды. Біз үнемі қолдау білдіруге дайынбыз. Себебі, бәріміз – бір­лігіміз жарасқан бір командамыз. Бұдан былай сіздерде ұялы теле­фон бар, енді sms хабарламамен байланыс жасап тұрайық, –деді Әлия Байжанқызы. Облыстық ішкі саясат бас­қар­масы бастығының орынбасары Ағи­ба Қатешова мемлекеттің тара­пынан мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ды әлеуметтік тұрғыдан қол­дау­ға ұдайы көңіл бөліне бере­ті­ні­не тоқ­тала келіп: “Ешкім ешкім­нен артық та, кем де емес. Бәріміз бірдейміз. Сондықтан сіздерді ешкім қоғамнан бөлшектемейді, өнерлеріңізді көрсетуге шектеу жасамайды. Сіздердің  кез келген адаммен, кез келген ұйыммен шекарасыз байланыс, қарым-қатынас жасауға мүмкіндіктеріңіз мол”, деді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.