2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, биыл болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей болып, 23 млн гектардан астам аумақты құрайды.
Астық-жемдік және жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту жоспарланып отыр. Алдын ала есеп бойынша кем дегенде 18 мың га қант қызылшасы егіледі. Көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі. Тағы 9,9 мың гектарға күріштің егістік алқаптары өсіріледі.
Мемлекет өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады. Мәселен, 2023 жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға жергілікті бюджеттерде 11,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл тұқым себудің жоғары көрсеткішін 97 пайыз деңгейінде ұстауға мүмкіндік береді.
Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, биылғы қажеттілік – 703 мың тонна. Жергілікті бюджеттерде тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына 31,3 млрд теңге қарастырылған, алайда бұл тыңайтқыштардың бағасының өсуін ескере отырып, фермерлердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктерге бюджет қаражатының көлемін қажеттіліктерге қарай ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажет деп есептейді.
Айта кетейік, фермерлер субсидиялауға өтінім бере алады. Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі фермерлерге субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімдерді беру, субсидияларды өңдеу және алудың бірыңғай gosagro.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
2022 жылдың 31 желтоқсанында бұрынғы «Qoldau.kz» порталынан инвестициялық субсидиялау бойынша толық тарихи деректер алынды. Қазіргі уақытта ақпараттық базаны жаңа жүйеге енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Министрлік ақпараты бойынша, қазір субсидиялау жөніндегі қызметтерді өтінім берілген сәттен бастап, субсидия төленгенге дейінгі аралықта техникалық пысықтау аяқталды. Қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес, фермерлерден өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 ақпанынан басталады.
Жалпы, көктемгі егіс науқанына 141,7 мың трактор жұмылдырылып, 4,3 мың бірлік жоғары өнімді егіс кешенінде 73,2 мың сепкіш және 221,2 мың топырақ өңдеу құралдары пайдаланылмақ.