• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2023

Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер мен мүгедек жандарға беріледі

430 рет
көрсетілді

Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар  мен мүгедек жандарға берілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сайлау туралы Конституциялық заңда Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастарға үшінші санат өкілдері қосылды. Бұл – мүгедектігі бар адамдар. Үш санаттың жалпы квотасы 30 пайыздан кем болмауы керек», деді Нұрлан Әбідров комиссия отырысында.

ОСК төрағасының сөзінше, бұл өзгеріс алғаш рет осы науқанда қолданысқа енеді. 

«Бұл норма депутаттық мандатты бөлу кезінде де қолданылады. Санаттағы өкілдердің – әйелдердің, жастардың, мүгедек адамдардың саны жиынтығы бойынша партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құруға тиіс», деді ОСК төрағасы.

  

Гүлшахра  САНСЫЗБАЙ