«Қазақстан халық партиясы» елорда мәслихатының депутаттығына үміткерлерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 103-бабына сәйкес «Қазақстан халық партиясы» Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына елордалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынды.
Саяси партия филиалының құжаттарын қабылдау жөніндегі іс-шара депутаттық мандаттар үшін бәсекелесуге ниет білдірген адамдар үшін сайлау процесінің бастапқы кезеңі болып саналады.