• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Жоба 20 Ақпан, 2023

Қағаз жүзінде қалған жобалар

311 рет
көрсетілді

«Қағаз жүзінде деректер жақсы болғанымен нәтиже шамалы. Нақты жұмыс жоқ. Кешенді жоспарда бекітілген жобалар да қағаз бетінде қалып қойған. Оны жазған соң, жүзеге асыру керек. Қайтарымсыз грант – оңды-солды ақша үлестіру емес. Ол бір реттік көмек болып қалмай, әрі қарай дамуы, пайдасы болуы қажет».

 

Биыл түркістан облысында 109,7 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өз ісін бастауға ниетті тұрғындар үшін 1 688 адамға гранттар беру көз­деліп, 2 932,4 млн теңге қар­жы бөлінді. Кәсібін ашуға үміт­кер­лердің бизнес жобаларының тиімділігін арттыру мақсатында 20 үздік жоба іріктелген 

Халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесі қаралған аппарат­тық кеңесте облыс әкімі Дархан Сатыбалды осылай деді. Мемле­кет­тік органдардың нақты және үйлесімді жұмысын талап етіп, халыққа жағдай жасай алмаған әкім­дерді қатаң сынға алды. «Ин­вес­тиция тарту, өнеркәсіпті да­мыту бойынша бірнеше рет жи­налыс өткізіп, нақты тапсырмалар бердік.

Бірақ жұмыс ойдағыдай емес. Инвестиция тарту жөніндегі ин­ди­ка­торлар толық орындалуы тиіс. Сондықтан 2024 жылдың жос­парын орындау үшін қазір­ден дайындалуымыз керек. Бюд­жет қаражаты емес, жеке инвес­ти­­­цияға басымдық берілсін. Өң­деу өнеркәсібі төмендеп кеткен. Бәйдібек, Жетісай, Сайрам, Келес, Созақ аудандарында осы ба­ғыт бойынша инвестициялық жо­балар жүзеге асырылмаған. Жа­уапты басқарма тарапынан да тиісті ба­қы­лау жүргізілмеген әрі инвестиция тарту сапасыз болды.

Әкімдер бұл жұмысты төмен деңгейде атқарған. Бұл бойынша бірнеше рет жиын өткіздік. Сон­дық­тан аудан, қала әкімдерінің ин­вестиция саласына жауапты орын­басарларына тәртіптік шара қолдануды тапсырамын. Нақты жобалар аз. Орындалмайтын жобаларды да тізімге қосып қой­ған­сыз­дар. Инвесторларға қа­жетті инфра­құрылымның да­йын­дығы төмен. Осыған байланысты инвестиция тарту, өндірісті дамы­ту бойынша сапалы жоспар әзір­ленсін. Оған орындалатын әрі нақты жобалар енгізілсін. Аудан, қалалардың даму әлеуеті және мүм­кіндігіне сәйкес бір сала­ларға мамандандырылуын қа­да­ға­­лаңыздар. Мәселен, Жеті­сай, Мақ­таарал, Шардара және Сауран аудандарында тігін фабрикалары, Келес, Сарыағаш, Қазығұртта жылыжай шаруашылығы кең қанат жаюы тиіс. Осылай әр ауданның мүм­­кіндігіне сай жұмысты жос­пар­­лау қажет», деді Дархан Сатыбалды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасының бас­шысы Әсия Темірбаеваның дере­гін­ше, өңірде 120 мыңнан астам адам тұрақты және уақытша жұ­мыс орындарымен қамтылған. Мем­лекет басшысының «10 мың тұр­ғынға 100 жұмыс орнын құ­ру» тапсырмасы бойынша жеке бас­тамалар шеңберінде 22 595 тұрақты жұмыс орындары құрылды. Жалпы жұмысқа орналастырылған азаматтардың дәлелі ретінде ақпараттық жүйе­ден оларға аударылған міндетті зей­нет­ақы жарналарының төленуі тек­серіліп, рейтингі жасақ­тал­ған. Нәтижесінде ең төменгі көрсет­кіш­тер – Мақтаарал, Қазығұрт және Жетісай аудандарында. Биыл Түркістан облысында 109,7 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өз ісін бастауға ниетті тұрғындар үшін 1 688 адамға гранттар беру көз­деліп, 2 932,4 млн теңге қар­жы бөлінді. Кәсібін ашуға үміт­кер­лердің бизнес жобаларының тиімділігін арттыру мақсатында 20 үздік жоба іріктелген. Жалпы өңірде жергілікті тұрғындарды жұ­мыс­пен қамтуға оң септігі тие­тін жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тартуға ерекше мән берілуде. Мысалы, Түр­кіс­тан қаласына соңғы 5 жылда тартылған инвестицияның көлемі 8,5 есеге өсіп, былтыр 304 млрд теңге болған. Биыл қала экономикасына 350 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұ­мыс­пен қамту картасы бе­кі­ті­ліп, Түркістан қаласы бойынша былтыр 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 675-і – тұ­рақ­ты жұмыс. Ұлттық жобалар бойынша биыл 5 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Түркістанды дамыту жұмысы өз жалғасын табады. Дегенмен алдағы уақытта халқының 80 па­йызы ауылдарда тұратын өңірде ауылдарды дамытуға да басымдық беріледі. Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы күшеймек. Облыстық ин­вестиция және экспорт басқар­ма­сының мәліметіне қарағанда, негізгі капиталға салынатын ин­­вес­­тициялардың нысаналы ин­­ди­­ка­тор­ларына 2023 жылға 908,2 млрд теңге жоспарланып отыр. Биыл жалпы құны 230,4 млрд теңгеге 4357 жұмыс орнын құрумен 151 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Құ­рылыс бойынша 103,5 млрд теңгеге – 24 жоба, ауыл шаруа­шы­лығы бойынша 67,1 млрд теңгеге – 64, туризм бойынша 19,5 млрд теңгеге – 24, өңдеу өнер­кәсібі бойынша 18,1 млрд тең­геге – 23, жаңартылған энергия көздері бойынша 4,4 млрд теңгеге 3 жоба және басқа салаларда 7,7 млрд теңгеге 13 жоба межеленген. Өңірде индустриалды аймақтарды кеңейтуге қатысты әр аудан, қала әкімдері инвестициялық штаб оты­рысында есеп беріп отырады. Инвестициялар тартудың қолай­лы экожүйесін құру үшін тиісті басқарма, «Turkistan invest» ин­вестициялар тарту және экс­портты дамыту агенттігі жұ­мыс істейді. Сонымен қатар инвес­торларға индустриалдық ай­мақ­тар мен «Turkistan» арнайы эк­о­номикалық аймағы аумақ­та­­рында «Greenfield» және «Brownfield» өнеркәсіптік алаң­дары ұсынылады. Бүгінде «Arm Wind» ЖШС-ы Отырар ауданында қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясын салып жатыр. Жоба 2024 жылы жүзеге асады. Ал «Аймар құс» ЖШС-ы Төлеби ауданында құс фабрикасын салуды жоспарлап отыр. Жобаның бірінші кезеңіне 6,5 млрд теңге инвестиция салынады. Жылына 200 млн дана жұмыртқа шығаратын фабрикада 75 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл орайда инвестор облыс басшылығынан құрама жем цехын салу, жүгері және өзге де дақылдар өсіру үшін жер сұраған. Қажетті жерді тұр­ғын­дардан сатып алуға мүд­делі. Облыс әкімі аудан басшысы мен жауапты азаматтарға инвесторға қолдау көрсетуді тапсырды. Ал Түлкібас ауданында тәтті сусындар шығаратын алып кәсіпорын құрылысын жүргізіп жатқан Beibars-Bottlers компаниясының өкілдері газ бен электр мәселесі бо­йынша инфрақұрылымды же­тілдіре түсу туралы өтініштерін жеткізді. Құны 7,5 млрд теңгені құрайтын жоба арқылы жаңа жұмыс орындары көбеймек. Құ­рылғылары Франция мен Ита­лия­дан жеткізіледі. Бұл жоба­ны қол­дау бойынша да тиісті орын­­дарға міндеттер жүк­тел­ді. «Baspolymer» ЖШС-ы «Tur­kis­tan» еркін экономикалық ай­ма­ғында полимер құбырларын шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр.  Жоба жүзеге асса, жылына 10 мың тонна өнім өндірілмек. Полимер құбырларын елімізбен қатар Өзбекстан мен Қыр­ғызстанға экспорттау көз­дел­ген. Ордабасы ауданында үш жылда 33 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Кәсіпорындар көбеюі нәтижесінде 1 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Құны 2,7 млрд теңге болатын мақта талшығын өндіру және асфальт зауыты іске қосылып, 175 жаңа жұмыс орны ашылған Мақтаарал ауданында биыл 1,7 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 108 жаңа жұмыс орны ашылады. Ауданда жүгеріден 29 түрлі өнім шығаратын зауыт ашу бағытында жұмыс жүргізілуде. Саяси шешім қабылданып, экономикалық және тех­никалық негіздемесі әзір­ле­ніп жатқан Дарбаза – Мақ­та­арал теміржолы құрылысы да аудан­ның дамуына тың серпін беретіні айтылуда.

Сондай-ақ өңірде жеңіл, тамақ өнеркәсіптері және құрылыс материалдары және өзге де өндірістер бойынша жобалар жүйеленуде. «Turkistan» арнайы экономикалық айма­ғының бүкіл аумағын «TURAN» АЭА аумағына қосу бол­­­­жа­нуда, яғни соңғысының ауда­ны 3987 ге­к­тарға ұлғаяды.

 

Түркістан облысы