• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2023

Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрлері пайда болады

530 рет
көрсетілді

Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, «Белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету» деп аталатын 592-бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мәселен, көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығын сағатына 40-тан 80 километрге дейін арттырғаны үшін 20 АЕК (69 000 теңге) айыппұл қарастырылған.

Ал қозғалыс жылдамдығын сағатына 80 және одан да көп км-ге арттырған жүргізушіге 40 АЕК (138 000 теңге) айыппұл салынады.

Бір жыл ішінде жылдамдықты 80 км/сағ және одан артық арттырған жүргізушілер 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол қозғалысы ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша 593-бапқа да өзгерістер енгізілді.

Онда жолаушыларды автокөлік кабинасынан тыс жерде тасымалдағаны үшін, сондай-ақ оларды көлік құралының терезе ойықтары мен люктеріне іліп қоюға, есіктерді ашып қоюға, қозғалыс кезінде басқа да осындай әрекеттер жасағаны үшін жазалауды көздейтін жаңа тармақ пайда болды.

Бұл әрекеттер үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Заң жобасына енген барлық толықтырулар 13 наурызға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.