Сегізінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 1-ші ұйымдастыру сессиясы өтті. Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы болып депутат Дастан Алтайұлы Әкімов сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сессияда Көкшетау қалалық мәслихатының 4 тұрақты комиссиясы, олардың құрамы мен төрағалары бекітілді.
1. Бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия
Төраға: Сейдалин Нұрлан Абайұлы.
Комиссия мүшелері: Жұмабеков Фаим Маратұлы, Нұрымова Зәуреш Олжабайқызы, Топорков Олег Иванович.
2. Экология, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі комиссия.
Төраға: Жүсіпов Мереке Ертайұлы.
Комиссия мүшелері: Серғалиев Әлібек Сабыржанұлы, Тұржанов Рүстем Эрикұлы, Тоқтарұлы Дәулетхан.
3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссия
Төраға: Мақышев Руслан Аманбайұлы.
Комиссия мүшелері: Жақсылықов Ерсайын Дулатұлы, Хасенов Ерлан Маратұлы, Сердалин Қанат Бауыржанұлы.
4. Депутаттық өкілеттіктер мен әдеп, халық денсаулығы, білім, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссия.
Төраға: Есенова Гүлайым Ерғалиқызы.
Комиссия мүшелері: Сабатаева Ғалия Зиябекқызы, Мұқатаев Рамазан Сапарұлы, Жақыпов Жанат Есенұлы.