• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Наурыз, 2023

Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

342 рет
көрсетілді

Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы болып Александр Светаш сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Светаш Александр Александрович 1978 жылы Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында дүниеге келген.

2000 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «География бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы - Заманауи гуманитарлық институтын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолын 2000 жылы Алтай ауданының Парыгин орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастады.

2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Алтай қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2008-2011 жылдары Алтай қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

2011-2015 жылдары Алтай ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2015-2016 жылдары Алтай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылдан осы уақытқа дейін VII шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы болды.