• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Жануарлар 24 Сәуір, 2023

Қар барысының жаңа мекені

405 рет
көрсетілді

Таулы аймақта өмір сүретін және өте сирек кездесетін қар барысының етекке түсуі ауыл тұрғын­да­р­­ының таң­­да­­ны­сын тудырды.

Райымбек ауданы Сары­бастау ауылының маңа­йында мал жа­йып жүр­ген тұрғын түз тағысын көрген бойда аудандық полиция бөлімшесіне хабар берген. Сөйтіп, «Қызыл кітапқа» енген аңға асқан ептілікпен шалма салып, ұстап алған.

Қар барысын қолға түсірген жерге дереу орманшылар мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жеткен.

– Ветеринар мамандар «Қызыл кітапқа» енген аңның әл­сі­регенін көріп, Алматы хайуанаттар бағына жеткізді. Қазір қар барысы зообаққа орналас­тырылды. Оның жағдайы зоология институты мамандарының қадағалауында, – деді об­лыстық орман шаруа­шы­лығы және жануар­лар дү­ниесі аумақ­тық инс­пек­циясының бөлім басшысы Нұрлан Орманбеков.

 

Алматы облысы