• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Мамыр, 2023

Ауданға жәрдемдесіп, алғыс алды

406 рет
көрсетілді

Қарқаралы ауданының әкімі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директорына әлеуметтік салаға көрсеткенқолдауы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Қарқаралы ауданында «АрселорМиттал Теміртаудың» бірнеше кәсіпорны орналасқан. Олар – «Шахтер» демалыс үйі, «Романтик» балалар сауықтыру лагері және «Өркен-Кентөбе» кеніші.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ үшін – компания құрылымдары орналасқан өңірлердегі әлеуметтік жауапкершілік басым бағыттардың бірі. Қарқаралы ауданы үшін жүйе құраушы кәсіпорын болып саналатын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметінің арқасында жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен және табыспен қамтамасыз етіліп отыр.

Мысалы, жұмысын тоқтатуға тура келген «Шахтер» демалыс үйінің қызметін маусым айының басында қалпына келтіру жоспарланып отыр. Қазір оның барлық қызметкері жұмыс орындарына оралды. Мұны аудан әкімі Ерлан Құсайын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Владимир Яблонскиймен кездесуде атап өтті.

Аудан басшысы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығына, әсіресе қиындыққа тап болған қаралылықтарға қолдау көрсеткені үшін ерекше ризашылық білдірді.

- Сізге Жаңажол шағын кентін сумен қамтамасыз етуге көмектескеніңіз үшін алғысайтқым келеді. Мұнда ауыз суға қатысты үлкен проблема туындап, тұрғындар бізден жәрдемкөрсетуімізді сұрады. Оларға нақ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы көмек қолын созып отыр, - деді Еран Құсайын. - Қазір ұңғыма бұрғыланып болды. Енді судың сапасын тексеру нәтижесін күтіп отырмыз. Ол дұрыс болса, маусым айында кентке суды толығымен бере бастаймыз.

Кездесуде Владимир Яблонский мен Еран Құсайын ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры компания өз кәсіпорындары орналасқан ауданды дамыту мәселелерін шешуге белсене атсалысып, жанашырлықпен қарап отырғанын атап айтты.

- Ауданды жан-жақты дамыту қажет. Бұл бізгежұмыс орындарын құру үшін ғана емес, ең алдымен, компаниямыздың қызметкерлері мен олардың отбасыларының еңбек және тұрмысжағдайлары қолайлы болуы үшін қажет, - деді Владимир Яблонский.

Кездесу соңында аудан әкімі компания басшылығына қарқаралылықтарға көрсетіп отырған әлеуметтік көмегі үшін тағы да ризашылық білдіріп, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директорына Алғыс хат тапсырды.