• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Жоба 13 Маусым, 2023

Үйлестіру жұмысындағы үйлесімсіздік

219 рет
көрсетілді

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасын үйлестіру жұмыстары әлі де сылбыр. Осы жобаға қатысты басқармалар, қаржылық мекемелер, «Ырыс» қаржы ұйымы, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, әкімдер, кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтары жұмысты жандандыруы тиіс. Әрбір аудан және ауылдық округ әкімдеріне үлкен жауапкершілік пен ізденіс, еңбекқорлық керек.

«Ауыл аманаты» жобасы бойын­ша баяу қимылдап, көш соңында қалған аудан әкімдерінің, жауапты басқармалардың жұмы­сын сынға алған облыс әкімі Дар­хан Сатыбалды аппарат­тың апталық отырысында қара­жат­тың тиімді жұмсалуын тап­сыр­ды. «Ауыл аманаты» жоба­сын іске асыруда жеке қосал­қы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға ба­сым­дық беріледі. Жобаны жүзеге асыруға барлық ауылдық округ­терде скрининг жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезекте жо­баға қатысатын 16 ауданнан 32 ауылдық округ, 44 кооператив анықталып, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Бүгінде 425 жоба қабылданып, 1,1 млрд теңгеге 236 жоба ма­құл­данған, қаржыландыру жұ­мыстары жүргізілуде. Несие қар­жысын таратушы ретінде сенім білдірген өкіл деп «Түр­кістан ӘКК» АҚ танылды. Жал­пы құны 7,3 млрд теңге болатын 847 өтінім қабылданып, оның ішінде 312 өтінімінің, яғни 2,6 млрд теңгенің құжаттары мақұлдау сатысында. Жоба аясында жалпы 4 000 бірлікке жуық микрокредит беріледі. Нәтижесінде, 5 200 жаңа жұмыс орыны құрылып, өңірдегі 8 451 АӘК алушы отбасы санын 30%-ға төмендету жоспарлануда. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл басында 11 млрд теңге, наурыз айында республикалық бюд­жетті нақтылауда қосымша 8,9 млрд теңге қарастырылып, жалпы 19,8 млрд теңге бөлінді. Несиелендірудің өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтарын дамыту, кооперативтерді жаб­дықтау, тұрғындардың өз кәсібін ашу сынды 6 бағыты таңдалған. Соған сәйкес 90% өтінім мал шаруашылығы саласын дамыту бағытында өткізілген немесе 425 жобадан 380 жоба мал шаруашылығы, 40 жоба егін шаруашылығы, 5 жоба балық шаруашылығын дамытуға бағыт­талып отыр.

Сондай-ақ өңірде инвес­ти­циялық жобалардың жүзеге асырылуы қатаң бақылауға алын­­­ған. Инвесторлардың жер­гі­лікті әкім­діктерге қояр талап­тары да жоқ емес. Мысалы, Бәйдібек ауда­нын­да мырыш өндіру жә­не байыту жобасын бірлесіп іске асыру үшін «United gold» ЖШС Түркияның «Tekşan Madencilik» компаниясымен келісімге келген. Индустрия жә­не инфрақұрылымдық даму министрлігі мен жоба бастамашысы арасында «Бесағаш-1» кен орнын барлауға келісімшарт бар. Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд теңге жүзеге асса, 200 адам жұмыспен қамтылады. Бұл орайда инвестор 4 шақырым жерге электр желісін тарту қажеттігін айтып отыр. Ал «Ernur» ЖШС жұмыртқа, тауар­лық құс еті және шұжық өнім­дерін өндіретін құс фабрикасын салуға Бәйдібек ауданында жер учаскелері қарастырылып жатыр. 2023-2026 жылдары аралығында жүзеге асатын жо­баның құны – 15 млрд теңге, 50 адам жұмыспен қамтылмақ. Жобаны іске асыру үшін 40 гектар жер мен электр қуаты қажет. Инвестициялық штаб отырысында «SIPtechnology» ЖШС Түркістан қаласындағы Арнайы экономикалық аймақта коттедж қалашығын салуға ниетті екенін білдірсе, облыс орталығында «Chery» автокөлік маркасының дилерлік орталығын салу мәселесі де көтерілді. «Саяхат Моторс – Түркістан» ЖШС өкілінің айтуынша, құны 1 млрд теңге болатын жоба жүзеге асса, автомобиль орталығында 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Отырар ауданында жүгеріні терең өңдеп, биоэтанол шығару жобасы жүзеге асырылмақ. «Otyrar Bio Tech» ЖШС атқаратын жүгеріні терең өңдеу жобасының құны – 72 млрд теңге. 2025 жылға қарай ашылатын зауытта 154 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазір ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Сайрам ауданында «Capable group» Мүгедектер қоғамы» жылына 100 млн дана жөргек шығаратын цехын іске қосқан. Қазіргі уақытта жобаның бас­тамашысы қосымша 3 өндіріс желісін іске қосумен өндірістік қуаттылықты кеңейтуді көздеп отыр. Бұл ретте жобаның бастамашысы 3 млрд теңгеге жабдық сатып алу мәселесі бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландыруға қатысты келіссөздер бастаған. Жалпы құны – 8 млрд теңге. Жобаның жылдық қуаты – 350 млн дана. Аталған жобаны жүзеге асыру барысындағы инфрақұрылымға қатысты мәселелер де ашық айтылып, ұсыныстар берілді. «Бес қара» ЖШС Сарыағаш ауданында 4 ірі жобаны жүзеге асыруға ниетті. Құс етін дайындау және сою бекеті жобасының құны – 700 млн теңге, 25 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда жаңа құрылғылар сынақтан өткізілуде. Ал ірі қара мал үшін бордақылау алаңын 2 500 басқа кеңейту жобасы биыл күзде жүзеге аспақ. Жоба бойынша жер анықталып, құрылысы басталған. Аталған инвестор мұнымен тоқтамай, 20 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңын да салмақ. Жоба құны – 500 млн теңге. Жоба 2024 жылға қарай жүзеге асады. Сонымен бірге «Бес қара» ЖШС арнайы мал сою бекетін ашып, етті шетелге экспорттамақ. «Ет Агро-Манкент» компаниясы Сайрам ауданынан 5000 басқа арналған бордақылау алаңын, етті терең өңдеу кешенін, сою бекетін салуды қолға алып отыр. Жоба жүзеге асқанда жаңа 100 жұмыс орны ашылады. Жер, несие және газбен қамту мәселесі бар. Бұл орайда жаңа жобалар, ізденістер аз екенін айтқан облыс әкімі индустриалды аймақтардың бәріне ревизия жасап, мәселелерді зерделеуді, инвесторларға жағдай жасап, кәсіпорындарды көбейтуді тапсырды.

 

Түркістан облысы