«Титаник» жолаушысының лайнер бортында жазылған хаты Уругвайдағы аукционда 12 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
EFE агенттігі жұма күні мәлім еткендей, 1912 жылы 11 сәуірде жазылған хатты ағасына уругвайлық Рамон Артагавейтия Гомес жазған. Бұл хат «Титаниктің» соңғы аялдамасы – Ирландиядан жолданған. Бұдан әрі лайнер Атлант мұхитынан өтуге аттанып, апатқа ұшырады. Zorilla аукцион үйінің сайтында жазылғандай, кейін Артагавейтия Гоместің ағасы хаттың бір бетіне былай деп жазып қойған: «Менің сүйікті ағам Рамонның маған жазған соңғы хаты. Үш күннен кейін «Титаник» апатқа ұшырады, ол суға батып кетті».
Infobae интернет-порталының мәліметіне сүйенсек, лот бастапқы бағасына сатылды. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.
«Титаник» 1912 жылғы сәуірдің 14-інен 15-іне қараған түні айсбергпен соқтығысып, суға кетті. Ұлыбританияның Саутгемптон қаласынан Нью-Йоркке дейінгі алғашқы рейсіне шыққан кемеде барлығы 2224 адам болды, олардың 1513-і қаза болды. Кеме сынықтары 1985 жылы Канаданың Ньюфаундленд жағалауынан 600 км қашықтықта 3,8 км тереңдікте табылды.