• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2023

Қолдан жасалған тапшылық пен қымбатшылық өңірде қалай шешілді?

387 рет
көрсетілді

Шардаралық шаруалар наразылығын білдіріп, күре жолды жапқан болатын. Ілгеріде. Жиын-терім кезінде жеңілдетілген жанар-жағармай берілмей, қажеттілігі жоқ кезде ұсынылатынына наразы диқандар талап-тілегін күре жолды жаба жеткізген-ді. Сондай-ақ өңір диқандары ауыл шаруашылығына ауадай қажет тыңайтқыштардың қымбаттығына да жиі шағымданатын. Шаруалардың дала жұмыстарын уақытында және сапалы жүргізуіне қолдан жасалған мұндай кедергілер облыстық мәслихат депутаттарының көмегімен оң шешімін тапқан.

Сайлаушыларының тосын­ ше­шімге бару себебін саралаған депу­таттар тапшылық пен қымбат­шы­лықтың қолдан жасалғанын анық­тап­ты. Мысалы, жанар-жағармай сату­шылары «біз ұсындық, шаруа­лар бас тартты» деген уәжбен бү­кіл­ өнімін сатып жіберіп жүрген. Шаруа­ларға жанар-жағармай бөлу­дің кестесін қайта қараған мәсли­хат депутаттары қолдан жасал­ған тапшылықтың мән-жайын нақ­ты деректермен жеткізгеннен кейін облыс әкімінің тікелей араласуымен мәселе шешімін тапты.­ Мәслихаттың араласуымен шешіл­ген­ тағы бір мәселе – тыңайт­қыш­тар­­дың қымбаттығы.

– Қазақстан бойынша селитра­ны­ң­ жалғыз өндірушісі бар. Сол­ ком­па­ниядан селитра алуға мемле­­кет тарапынан субсидия бөлі­не­ді. Мысалы, бір келісі 180 теңге тұрса, 80 теңгесін мемлекет өтеп береді. Сон­да шаруалардың тыңайт­қыш­ты­ тасымалдаумен қос­қан­дағы шы­ғыны 118 теңгені құрайтын. Алай­да араға делдалдар түсіп кетіп, селит­раның бағасы 140 теңгеге дейін өсті. Келіссөздер пайда бермеген соң шаруалар шу көтеріп, осы мәселемен облыстық мәсли­хатқа келді. Арнайы жиын өткі­зіп, тыңайтқыш өндірушісіне бас­сыз­дықты тоқтату жайлы қатаң тала­бымызды жеткіздік. «Алдын-ала қаржысын жинап, селитраны шетел­ден екі есе төмен бағамен ала­мыз. Ал Ауыл шаруашылығы министр­лігіне арнайы хат жіберіп, отан­дық селитра өндірушіге субси­дия берудің тоқтатылуын талап етеміз», деп шарт қойдық. Содан кейін ғана селитра өндіруші тәубесіне келіп, бағаны арзандатты, дейді Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, «Amanat» фракциясының мүшесі Нұралы Әбішев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт­ Тоқаев Үкіметтің кеңей­тіл­ген кеңесінде жергілікті мәсли­хат­­тардың алдындағы нақты міндет­тер­ді атап, депутаттар электораттың өзекті мәселелерін шешуде күнде­лікті қажырлы жұмысқа көшіп, кәсі­билік пен жауапкершілік таны­туға тиіс екенін айтқан еді. Жоға­ры­да еске салып өткен, тапшылық пен қымбатшылықтың алдын алуға бағыт­т­алған басқа да игі істер депу­таттар танытқан кәсібилік пен жауапкершіліктің бір көрінісі дер едік. Сондай-ақ мәслихат депутат­тары облыстық басқарма басшыларының есебін тыңдап, атқарып отырған жұмысын бағалауға да тың көзқараспен келіп отыр. Яғни баяндама тыңдаумен шектелмей, депутаттардың қаты­суы­мен арнайы комиссия құры­ла­ды. Ол комиссия мүшелері облыс­тың барлық аудан, қалаларын аралап, саланың жағдайымен етене таны­сады. Басқарма басшысының жұмы­сы қанағаттанарлықсыз болса, шара көру мәселесін сессияға шығарады.

Жуырда депутаттар облыс спортының ахуалы мен атқарылған жұмыстарын саралап, бірқатар кемшілікті анықтаған. Бір ғана мысал, облыс көлемінде дені дұ­рыс стадион некен-саяқ екеніне мәс­ли­хаттағы тұрақты комиссия мүше­лері аудан, қалалардағы спорт нысан­дарын аралау барысында көз жет­­кізген. Басқасын айтпағанда, об­лыс орталығы Түркістан мен оған жақын Кентаудағы стадиондар оңып тұрған жоқ. Бірі жөндеуден өткізілуде, жөндеуден өткендерінің өзінде проблемасы бар. Ескісі бар, жаңасы бар футбол алаңдары жөндеуді қажет етіп тұрғандықтан түркістандық кәсіби командалар кезде­сулері мен жаттығуларын Шым­кентте өткізуге мәжбүр бол­ған. Осы сынды бірқатар кемшілік бо­йынша мәслихат жуырда облыс­тық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызме­ті­не­ қатысты облыс әкіміне ұсыныс біл­дірген.

– Басқарма басшысының жұ­мы­­сы­ депутаттардың көңілінен шық­қан жоқ. Бұрын-соңды мәслихат тара­­пы­нан қандай-да басқарманың бас­­шысына шара көрілсін деген ұсы­ныс жасалмаған еді. Біз осыған алғаш рет қол жеткізіп отырмыз. Бүгін­гі қоғам жаңашылдықты талап етеді. Елімізде Конституциялық рефор­малардың қолға алынуы – осы­ның айғағы. Халықтың талап-тіле­гіне құлақ түру, кемшіліктермен жұ­мыс­ істеудің жаңаша әдіс-тәсілдері қалып­тасқанын атап өткен жөн. Жаңа құрамдағы мәслихаттың алғаш­қы қадамдарынан-ақ өзге­ріс­ті байқауға болады. Менің 17 жыл­дық депутаттық тәжірибем бар. Яғни мәслихаттың алдыңғы құрам­дарымен салыстырып айта ала­мын. Қазіргі шақырылымдағы депу­таттар өте білімді, әрқайсысы – туған жерінің патриоты. Әрқайсысы өзі сайланған аймақтың өзекті мәсе­ле­лерін, сайлаушыларының мұң-мұқтажын жақсы біледі әрі солар­ды шешуге барын салуда. Жалп­ы, елдiң алдында тұрған эконо­ми­ка­лық және әлеуметтiк мiндеттердi орын­дауға ықпал етуде жергілікті мәс­лихат маңызды рөл атқарып келе­ді. Мысалы, жыл басынан бері облыстық мәслихаттың 4 сессиясы өткізіліп, түрлі салаларға қатыс­ты маңызды мәселелерді рет­­тейтін 53 шешім қабылданды. Об­лыс­тың жылдық бюджеті 2 рет нақтыланды. Биылғы бюджет кө­лемі 1 трлн 325 млрд теңгені құ­рады. Бұл соманың жартысынан­ астамы әлеу­меттік салаға бөлінді. Бұл өз тұ­сында облыстың әлеуметтік-эко­номикалық дамуына қатысты бір­қа­тар міндеттерді шешуге септігін ти­гізді, дейді Н.Әбішев.

Сондай-ақ төраға қоғамдық қабыл­­дауды кабинетте емес, елді мекен­дерге барып, қарапайым көпшіліктің ортасында өткізуге, дәлірегі, халықтың талап-тілегін тыңдап қана қоймай, көзбен көре мәсе­ле­лерді жедел шешудің көш­­пелі форматына бет бұрып жат­қан­ әріптестерінің аз емес екенін ай­тады. Депутаттар 100-ден аса­ қоғамдық қабылдау өткізсе, тұр­ғын­дар­д­ы толғандыратын мәселелер бо­­йын­ша облыстық мәслихатта Н.Әбі­­шев­тің төраға­лы­ғымен 6 жиын­­ өткізіліп, тиісті органдарға 17 хат­­та­­малық ұсыныс берілген. Бүгін­де­­ ол ұсыныстардың 8-і орындалып, 9-ы бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Әрине, депутаттар халықпен тығыз байланыста болуға тиіс. Деген­мен қайта-қайта кездесу ұйым­дастыра беріп, тұрғындардың маза­сын ала беруге де болмайды деп есептеймін. Қазір аудан басшы­лары тұрақты түрде елмен есепті кезде­су­лерді өткізіп тұрады. Облыстық мәс­лихат депутаттарынан бөлек аудан­дық мәслихат депутаттары да бар, олар да сайлаушыларын жинап, басқосуларды өткізеді. Тұрғын­дар­ды толғандырып жүрген сауалдар­ды әріптестерім жақсы біледі. Сон­дық­тан біз уақытты халықпен кездесуге емес, халықтың мәселесін шешу­ге жұмсағанымыз жөн. Депу­­тат­тарға қойылатын талаптар бар. Қазір мәслихат жұмы­сы­ның регламентіне бірқатар өзгеріс енгіз­­гелі отырмыз. Мәселен, сессия­ немесе тұрақты комиссияның оты­ры­­с­­тарына қатарынан екі рет себеп­сіз қатыспаған депутатқа шара көріледі. Үш рет келмейтін болса, оның депутаттық мандатын қайтару туралы ұсынысты сайлау комиссиясына береміз. Осында отырып кейбір депутаттар мәлімдеме жасаймын деп шектен шығып, артық сөз айтады. Басқа адамның құқығын таптауға жол бере алмаймыз. Бұл да – депутаттық этика мен әдеп мәсе­ле­сіне тікелей қатысты дүние. Жалпы, депутаттарға сессия­да еңсесін тік ұстап, пікірін еркін айтуға барлық мүмкіндік жасал­­ған,­ құқық берілген. Еш­кім­ге шектеу қойылмайды. Әріп­тес­тер әр сес­сия­ларда ой-пікірін бүк­песіз айтып та жүр. Тұрақты комис­сия­лар­да мәселелер ашық тал­қы­ла­на­ды.­ Мәслихаттың бұрынғы шақы­ры­­лым­дарындай емес, қазір еркін­дік­­ бар», дейді облыстық мәслихат төр­­ағасы.

Биыл мәслихат депутатта­ры­ жер­гілікті атқарушы орган­дар­ға 154 депутаттық сауал жол­да­ған. Оның 86-ы немесе 56%-­ы­ қана­ғат­­тандырылып, орын­дал­ған.­ Ал қал­ған­ 68-і орындалу үстін­де немесе олар­ға заңнама талаптарына сәйкес түсі­нік­темелер берілген. Депутаттық сауал­дар­да негізінен тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық, құры­лыс,­ инфра­құ­рылым, қаржы және эко­но­мика, білім, денсаулық және әлеуметтік сала­ға қатысты мәсе­ле­лер­ көте­ріл­ген.