• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 30 Тамыз, 2023

«ҚазАгроҚаржы» жеңілдетілген бағдарламаларға қатысуға өтініш қабылдайды

282 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы секторы ел экономикасы үшін қашанда маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары бұл салаға ерекше мән беріп, агроөнеркәсіп кешенін қолдау шараларын күшейту қажеттігін айтып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға Үкімет қана емес, аталған саладағы ірі компания­лар да елеулі үлес қосып жүр. Солардың бірі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынып отырған бағдарламаларға тоқталып өтуді жөн көрдік.

Лизинг нарығындағы көшбасшы

Мемлекет басшысы өткен жыл­­ғы «Әділет­ті мемлекет. Бір­тұтас ұлт. Береке­лі қоғам» Жол­дауында: «Ауыл шаруа­шы­лығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемле­кетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді», деп атап айтты. Оған қоса жаңа жетіжылдық мерзімге сайланған Президент бірінші Жарлығын ауылды дамыту мәселесіне арнап, Үкіметке ауылды дамытудың бес жылға есептелген нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Осы орайда «ҚазАгроҚаржы» АҚ Мемлекет басшысының саясатын белсенді жүргізуге атсалыса отырып, техника сатып алуға лизинг беру арқылы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуына  елеулі үлес қосып келеді.

1999 жылы негізі қаланған компания күні бүгінге дейін сапалы әрі бәсе­ке­ге қабілетті лизинг қызметтерін ұсы­на оты­рып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қажетті техникамен қам­­та­масыз етіп келеді. Шын мәнінде, «ҚазАгроҚаржы» АҚ – Қазақстанның агро­­өнер­кәсіп кешені саласындағы лизинг на­­рығының көшбасшысы. «Бәйтерек» хол­дин­гіне қарасты компания бұл саланы тү­­гелдей заманауи және жоғары тех­но­ло­гиялық техникамен қамтамасыз етіп отыр. Оның елі­міздің барлық өңірінде өкіл­­дігі бар, бүгінде республика бойынша 15 бө­лім­шесі жұмыс істеп тұр. Осылайша, рес­­пуб­ликамыздың қай түкпірінде болсын ауыл ша­руа­­­­шылығын өркендетуді мақсат етіп отыр.

 

Кәсіпкерге мақсатына қарай таңдау көп

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсын­ған бағ­дар­ламадағы бірнеше таң­дау ауыл шаруа­шы­лығының қажет­тігіне қарай кез кел­ген техниканы сатып алуға мүмкіндік береді.

Компания биылғы 26 маусымда 4 бағдарламаны іске қосты. Соның ішінде «Өз жемшөбіміз» бағдарламасы мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз етуге, сол арқылы мал өнімділігі мен өнімін арттыруға бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыруға 20 млрд теңге бөлініп отыр.

Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған «Қазақстанда жасалған» бағдар­ламасы бар. Бұл елімізде жасалған немесе жинақталған ауыл шаруа­шылығы техникасына лизинг беруді қаржыландыруды көздейді. Оған 15 млрд теңге қаржы бөлінген. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (көкөніс, жеміс-жидек, қант қызылшасы) өндірушілерді қол­дау­ға бағытталған «Жасыл өнім» бағ­дарламасына 10 млрд теңге бөлінді.

 

Лизинг арқылы 5 техника алған шаруа

2022 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жеңілдікті бағдарламасына қатысқандардың бірі – «Майқынов» шаруа қожалығы. 2010 жылдан бері  Жетісу облысы Алакөл ауданында ауыл шаруашылығымен айналысатын осы ШҚ былтыр Жетісу облысындағы «ҚазАгроҚаржы» бөлімшесі арқылы өтініш беріп, аванс төлемей-ақ 2 «Беларусь 892.2» тракторын, 1 «Беларусь 1221.2»  тракторын  лизингке алды.

Аталған ШҚ, негізінен, егін шаруашы­лы­ғымен, яғни бидай, арпа өсірумен айналысады. Иелігінде 859,1 га жайылымы, 925 га егістігі, 192,3 га басқа да жері бар. Ал биыл Telegram арқылы тағы 2 астық жинау комбайнын алуға өтініш беріп, «Қа­зақстанда жасалған» бағдарламасы аясында «VECTOR 410KZ» комбайндарын сатып алу үшін қаржылай көмекке қол жеткізді.

Жалпы, «ҚазАгроҚаржы» 2000-2023 жылдар аралығында Жетісу облысына 100 млрд теңгеден аса қаражат инвести­циялаған. Сөйтіп, жергілікті шаруа қожа­лық­тарының 5 519 дана  техника сатып алуы­на жағдай жасаған. Сатып алынған тех­никаның жалпы құны – 43 339 млн тең­гені құрайды.  Ал биыл техника са­тып алуға 5 500 млн теңге қарастырылып отыр. 

Ауыл шаруашылығы саласын­дағы кәсіпкерлер үшін жоғарыда атал­ған бағдарламаның барлығы қолжетімді. Өтініш білдірген және тиісті талапқа сай келген ұйымдар қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады. Өтінішті кәсіп жүргізіліп жатқан өңірдегі «ҚазАгроҚаржы» бөлімшесіне немесе арнайы Telegram bot арқылы да беруге болады.