• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 29 Қыркүйек, 2023

Күзде оқылған өлең

386 рет
көрсетілді

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Жазушымен бір күн» жобасы аясында жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызының шығармашылығына арналған «Сөзден күмбез тұрғызған» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Ыбырайым Сүлейменов кө­ше­сі­нің бойындағы «Жастар аллея­сын­да», ашық аспан астында ұйым­дас­тырылған іс-шара барысын­да Ғайни Әлімбекқызы лирика­лық сарындағы өлеңдерін оқып, әдеби кешке жиналған оқырманда­ры­мен сырласты. Сондай-ақ Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филар­мония­ның әншілері Жанна Асан­құлова, Әскербек Досанов ақын­ның сөзіне жазылған «Сені сүю», «Қыз жүрегі», «Келерсің өзің», «Қаздар қайтып барады қарашада», «Тағы да кел­ді бір көктем» әндерін шарықтата шыр­қап, көпшіліктің ықыласына бө­ленді.

Іс-шарада Қазақстан Жазу­шы­лар ода­ғының мүшелері, жер­гілікті қалам­­герлер Шырын Мама­серікова, Үміт Битенова, Бақыт­жан Советұлы Ғайни Әлімбекқызы­ның поэзиясы туралы ойларымен бөлісіп, ақынға шығар­ма­шы­лық табыс тіледі. Өздері де соңғы жазған өлеңдерін оқып, бір жасап қалды.

«Дәстүрлі жоба аясында кі­тапха­­нашылар атқаратын жұ­мыс аз емес. Кітапхана ұжы­мы ал­­дағы уақытта да жергілікті қа­­лам­­герлердің шығар­ма­ла­­рын жас­тар арасында наси­ха­т­­­тау жұмыс­тарын жалғастыру­ға ниет­­ті. Өйт­кені Жамбыл жерін­де ал­­дың­ғы тол­қынмен қатар жас ­буын ақын-жазушылар да жеткілік­ті», дейді кітапхана қызметкері ­Жанат Жетпісбаева.

Әдеби кеш соңында сөз алған Ғайни ақын шығармашылығын елеп-ескеріп, әдемі іс-шара ұйым­дастыр­ған кітапхана ұжымына, алыс-жақыннан келген қаламдас әріп­тестеріне ризашы­лығын жет­кізді.

 

Тараз