• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Денсаулық 15 Қазан, 2023

Ерекше медициналық мекеме

293 рет
көрсетілді

Өңірдегі халықтың әлеуеті жақсы болуы үшін, медициналық көмектің керегі анық. Қазір Жетісуда осы бағытта ілгерілеу байқалады. Олай дейтініміз, жыл басынан бері бірнеше заманауи блокті-модульдік медициналық мекемелер ашылды. Бір қуанарлығы, бәрі де орталықтан шалғайда орналасқан ауыл-аймақтарда есігін ашты. Енді Жетісудың медициналық мекемелерінде үздік тәжірибе орталықтары ашылып жатыр.

Бұл – өңірдегі дәрігерлердің беделін арттырып қана қоймай­, қарапайым халықтың емі­не жәрдем болар маңызды ал­ғашқы орталық. Әр­түр­лі ауру-сырқаудан запы бол­ған тұрғындардың шипасын тезірек табуға қабілетті. Қазір өңірде медициналық-санитарлық көмектің үздік тәжірибелерінің екі орталығы ашылды. Олардың жұмысы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапа­сын арттыруға бағытталған. Өңір әкімі баспасөз қызметінің мәлі­метінше, енді өңірдегі екі емха­нада пациенттердің әлеу­мет­тік жағдайына ерекше басым­дық беріледі. Неге десеңіз, бұл орта­лықтар отбасылық медицина қағи­датын енгізуге бағытталып отыр. Бірте-бірте бұл оң тәжіри­бе бүкіл облыс көлемінде тара­тылмақ.

Өңірдегі алғашқы медицина­лық-санитарлық көмек көрсету тәжірибесінің орталығы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы орталық аудандық аурухана базасында, ал екіншісі Талдықорған қалалық №1 емха­на­ның 6-шағын аудандағы ғимара­тында ашылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансенгіров өз құттықтау сөзінде бұл орталықтар медициналық мекемелердің құрылымдық бө­лім­шелері бола отырып, адам денсаулығына қамқорлық жасай­тын кешенді медициналық, әлеумет­тік және психологиялық көмек беру орталықтарына айналатынын атап өтті.

«Денсаулық саласы бойынша ауданда жұмыс жүйелі жүріп жатыр. Медициналық қызметтің жаңаруы – білікті мамандардың шоғырлануына, сапалы жұмыс түрін ұйымдастыруға барын­ша серпін береді», деді А.Жан­сенгіров.

Бұл ретте мультидисциплинарлы топ көпсалалы команда­дан құралған, атап айт­қан­да, оның құрамында отбасы­лық дәрігерлер, патронаж мед­бикелері, акушерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтер бар. Өз кезегінде «Астана» медициналық университеті» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының төрағасы Тө­ле­бай Рахыпбеков алғашқы ме­ди­циналық-санитарлық көмек­ті қайта құру көзделіп отырғанын айтты.

«Бұл отбасылық медицинаны дамыту мен медициналық көмектің сапасын арттыру үшін жасалып отыр. Осындай ал­ғаш­қы орталықты Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында ауыл­дық көпсалалы аурухана база­сында ашқан едік. Дүние­жүзі­лік денсаулық сақтау ұйымы біз­дің жобамызды Еуропаның 53 еліне әлемдегі алғашқы де­монс­трациялық платформа ретін­де ұсынды. Жалпы, біздің қауым­дастық 2018 жылдан бас­тап жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ біз психикалық денсаулық мәсе­лелерімен де айналысамыз. Халықты ми қан айналымы бұзы­лысының, сүт безі қатерлі ісігінің және т.б. сырқаттардың алғашқы белгілерін анықтауға үйретеміз. Бүгін ашылған орталықтар же­місті жұмыс істейді деп сенеміз және олардың тәжірибесі жақын арада Жетісу облысына кеңінен таратылады», деді Т.Рахыпбеков.

Осы күні орталықтың рес­ми ашылуынан бұрын «Primary Health Care» ұлттық қауым­дастығының сарапшы мамандары дәрігерлер мен медбикелерге, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтерге оқыту тренинг­терін өткізді.

Жалпы, мұндай үздік тәжірибе орталықтарын құрудағы негізгі мақсат – медициналық көмекті қолжетімді ете түсу, адам мен оның отбасының қажеттіліктері үшін денсаулық сақтау қызмет­терін интеграциялау, шағымдар санын азайту, шағым түрлерін талдау, ұйымдастыру және әдіс­темелік жұмыс жүргізу. Тағы бір аспектісі – халықтың медици­налық сауаттылық деңгейін арттыру, ауруларды емдеу және алдын алу үдерісіне қатысу, ха­лық­­тың денсаулығын қорғау саласын­дағы жобалар мен әлеу­меттік бағдар­ламаларды әзір­леу, сондай-ақ диагностикаға бағдарланған тәсілден тұлғаға бағдарланған тәсілге көшу.

Ғимараттың жалпы ауданы – 100 шаршы метр, 6 бөлмеден тұрады. Тәулігіне қосалқы стансада аға фельдшер, аға жүргізуші және құрамында 4 фельдшер мен 4 жүргізуші бар 4 бригада жұмыс істейді. Құрылысты жүргізген – «Qaz damu constrution». Бұған дейін әкімшіліктің жертөлесінде жұмыс істеп келген «Жедел жәр­дем» қызметіндегілер көлік қоятын арнайы орынға дейін ойластырылғанына алғыс біл­дірді.

Жалпы, Ескелді ауданында медицина бағыты бойынша көптеген игі іс жүзеге асып жатыр. Мәселен, 2021 жылы Биғаш, 2022 жылы Абай, Теректі, Қоржымбай ауылдарында блокті-модульді медициналық пункт ашылды. Биыл Бөктерлі, Өтенай, Жеңдік ауылдарында жаңа медициналық пунктердің құрылысы қарқын алды. Ал Жетісу ауылындағы амбулаторияға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі.

 

Жетісу облысы