• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 14 Қараша, 2023

Ғалымға – лайықты жалақы

183 рет
көрсетілді

Отандық ғалымдарға тұрақты жалақы беру мәселесі заң жүзінде қаралып жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов баяндады.

Ғылымды дамытамыз десек,­ ғалымдарға жағдай жасауы­мыз­ керек. Біздің елдің кейбір ға­лым­дары негізінен тұрақты жалақы алмайды. Олардың табысы грант­тарға тәуелді. Мәжіліс депу­та­ты­ Асхат Ай­ма­ғамбетов осы мәсе­лені кө­теріп, шешудің жолын­ көрсетті. Оның айтуынша, заң жобасы төрт негізгі бағыт­ты көз­дей­ді. Ең маңыздысы – ғы­лым­ды қар­жы­лан­ды­ру жүйесіндегі өз­геріс.

– Бүгінгі отырыста ғалымдарды тұрақ­­ты жалақымен қамтамасыз етуді ұсынып отырмыз. Қазір ғалым­­дар жалақыны негізінен мер­зімді түрде жарияланатын грант­тар­ есебінен алады. Егер сізде ғы­лым гранты болмаса, жа­ла­­қы­сыз қаласыз. Заң жобасы қа­был­­дан­ған­нан кейін ғалымдар, бар­лық қызметкер сияқты, ай сайын жалақы алады, – дейді А.Айма­ғамбетов.

Заң жобасында отандық ғалым­дарға қауымдастырылған про­­­­фессор және профессор дәре­же­сі бойынша қосымша ақы төлеу де ұсынылған. Қазір бұл жоба­ның тағдыры Үкімет­тің қоры­тындысына байланып тұр. Қорытынды дайын болған кезде барлығы нақтыланатын болады. Кейінгі 30 жылда ғылыми қызметкерлер саны бірнеше есе азайған. Бұл ел ғылымының көшін ілгерілетпейді, сағын сындыра түседі. Бұлай жалғаса берсе, біздің елдің ғылымы көштен қала бермек. Сол себепті де бұл бағыттың бәсін биік­тетіп, ғылыми кадрлардың жағ­дайын дұрыстау қажет. Осы тұрғыдан қарасақ, бұл заң жоба­сы­ның маңызы жоғары-ақ.

Сондай-ақ ғалымдарға тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен кредит беру қолжетімді болады. Заң жоба­сын­да жас ғалымдарға жеке қол­жетімді тұрғын үй бағ­дар­ла­ма­сын­ әзірлеу де ұсынылады.

– Біз ипотекалық жеңілдікті не­сие­­леу мәселесін жастарға қол­жетім­ді етуді ұсынамыз. Бұл уәкі­лет­ті орган критерийлері бойынша бекі­тетін құжат болады, ең бастысы – заң­да негізгі нормалар, бағыттар мен қағидаттар қаланады. Жас ға­лым­­­дарға тұрғын үй бойынша несие беру қолжетімді бағдарлама болуға тиіс деген қағиданы қалап отырмыз, – деді депутат.

Жалпы, заңнамаға ғылым жүйе­сін дамытуға бағытталған көптеген жаңа норма енгізу ұсынылады. Оның ішінде қолданбалы зерт­теу­лер­ді өндіріске енгізу, бизнеске отан­дық ғалымдардың әзір­ле­ме­ле­рін енгізу тиімділігі, салықтар бо­йынша супер шегерімдер мәсе­ле­лері бар.

Еске сала кетейік, осыған дейін ғалымдар жалақысына қатысты мәселені Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек көтер­ген еді. Олар «ғалымдардың жала­қысы өседі» деген жақсы хабар­ды сүйіншілеген. Ғы­лым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Үкі­мет­ басшысы Әлихан Смайылов ға­лым­­дардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға артады деген.

– Отандық ғылымды дамытуға Үкімет жүйелі іс-шараларды қабыл­­дап жүр. Жақында ғалым­дар­мен және сарапшылармен бір­лесіп, біз жоғары білім және ғы­лымды дамы­ту­дың 2029 жылға дейінгі жаңа тұжы­рым­дамасын әзір­леп бекіттік. Оның аясында ғалымдардың санын 1,5 есеге ұл­ғай­ту, ғылыми институттарды да­мыту, ғылыми-зерттеулерді ком­мерцияландыру, жастарды ғы­лымға тарту және университет ғы­лы­мын дамыту көзделеді, – деп еді Үкімет басшысы.

Деректерге сүйенсек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ғылымды қаржыландыру 2020 жылғы 89 млрд теңгемен салыс­­тырғанда биыл 160 млрд теңгеге өсті. 2025 жылға дейін қаржы­лан­ды­ру көлемі 240 млрд теңгеге дейін арт­ты­рылмақ. Бұл ғылым саласына едәуір қозғау салады.