• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Мирас 19 Желтоқсан, 2023

Нұржан Наушабайұлы байқауы

294 рет
көрсетілді

Қостанайда ақын-сазгер, кезінде Ыбырайдың ағартушылық идеясын көпке насихаттап, Алаш зиялыларының ел ішіне жаңаша ілім-білім жаюына үлкен қолдау көрсеткен Нұржан Наушабайұлы атындағы республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы өз мәресіне жетті.

Облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған дәстүрлі өнер бай­қауына еліміздің әр өңірінен келген өнер­паздар қатысты. Кілең күміс кө­мей әншілер бас қосқан дәстүрлі ән мерекесінде Нұржанның бұрын көп айтылмай келген «Көкен-ай», «Бәтимаға», «Ара-ай», «Асыл-ай», «Жан сәулем», «На­зым», «Заман қал­пы», «Мұқидаш-ай», «Ұлағат», «Неше сафл, неше бап» атт­ы шығармалары әуеледі. Бай­қау­ға қа­тысқан жыршы-тер­мешілер Нұржан­ның назымдары мен әндерін орындаумен қатар, бұрын­нан өздерінің ән қоржынында жүр­ген музыкалық шы­ғармаларын шыр­қап, көрермен қа­уымның құлақ құрышын қандырды.

Дәстүрлі жыршы-термешілердің өне­рін әйгілі жыршы, фольклор зерт­теу­ші Алмасбек Алматов бастаған қа­зы­­лар алқасы таразылап отырды.

Топжарған ақын Нұрхан Ахметбеков дөп басып баға беріп:

Қазақта Наушабайдың Нұржаны өткен,

Арқаға ән тұқымын сол еді еккен.

Тобылдан көтерілген бір зор айқай

Сібір мен Сыр суына балын төккен, деп жырына арқау еткен Нұржан әндері – Арқаның паң даласындай мінезді, ырғағы асау, ішкі иірімге бай, шоқтығы биік туындылар.

Дәстүрлі өнер мерекесі мәресіне жет­кенде алыс-жақыннан арнайы кел­ген өнерпаздардың бәріне құрмет көр­сетіліп, Нұржан әндері байқауының арнайы мүсіншесі мен ақшалай сыйлық­тар табыс етілді.

 

Қостанай облысы