• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Желтоқсан, 2023

Жылдың үздік депутаты

418 рет
көрсетілді

Таяуда «Adyrna» ұлттық порталы әлеуметтік желі арқылы жалпы­халықтық дауыс беру сауалнамасын ұйым­дастырды. Мақсат – жылдың үздік депутатын анықтау.

Сауалнама қоры­тындысы бойынша, халықтың ең көп дауы­сын жинаған «Ақ жол» партиясының депутаты Қазыбек Иса «Жылдың үздік депутаты» атағына лайық деп танылды. Қазыбек Жарылқасынұлы Мәжіліс мінберінен ұлттық құндылық, ел, жер және мем­лекеттік тіл мәселесіне қатысты өткір де өзекті та­қы­рыптарды қозғап ке­ле­ді. Мысалы, биылдың өзін­де депутаттың көтерген ауыз су, діни радикализмге қатысты сауалы көптің кө­кейіндегісін дөп басты.

Сауалнамаға белсенді қатысып, дауыс берген сайлаушыларына алғысын білдірген депутат: «Бұл жерде мәселе бәйге, атақ, жүлде алуда емес. Халық өзі таңдаған қалаулы депутатына ешқандай бұрмалаусыз дауыс беруінде болып тұр. Сондықтан еліміз бо­йынша жаппай дауыс беру­ге уақыттарын қиып, қалау­лы тұлғасын жеңімпазға айналдыруда еңбек сіңір­ген сіздердің әрқайсыңыз­ға да айтар алғысым шек­сіз.

Әділеттілік үшін тізе қосылған жерде жетістік, бірлік бар жерде – тірлік, ын­тымақ түбі – ырыс болатынын көрсеткен халық­қа, әрқайсыңызға құрметім зор», деп ақжарма тілегін білдірді.

Сауалнама нәтижесі бо­йынша 2-орынды «Amanat» партиясының депутаты Ри­нат Зайытов иеленсе, 3-орыннан «Respublica» партиясынан Руслан Берденов көрінді.