• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Қаңтар, 2024

Назар аударатын жайттар бар

125 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Бибігүл Жексенбай мен Геннадий Шиповских елордадағы жылыжайға барып, жұмысымен танысты. Осындағы кездесулерде саланың өзекті мәселелері талқыға салынды. Сенаторларға жылыжайдың жалпы ауданы 2,4 гектарды құрайтыны және қазіргі заманғы техникамен жабдықталғаны туралы айтылды. Кәсіпорында 40 тоннаға жуық қызанақ және 50 тоннадан астам қияр өндіріледі.

Сенаторлар қалалық мәс­ли­хат депутаттарымен бірге Астана қаласындағы 3-жылу электр орталығында да болды. Сенаторлар елорданың қар­қын­ды дамуына байланысты бү­гін­гі таңда туындаған көптеген талаптар мен инфрақұрылым сұранысы сәйкес келмейді деп санайды.

«Мемлекет басшысы бір жыл бұрын елорданың ин­же­нерлік инфрақұрылымын кешенді дамыту бірінші ке­зек­тегі міндет екенін атап өткен болатын. Өткен жылдарда Ас­та­­нада жылу энер­гиясының же­тіс­пеушілігі анық байқалды. Биыл жылу жетіспеушілігі мәселесі толы­ғымен шешілді. Кейбір аймақ­тарда әлі де назар аударатын бірқатар маңызды мәселе бар. Біз жылу энергетикасы мәселелері Үкімет пен жергілікті атқарушы ор­гандардың ерекше бақы­ла­уын­да қала беруге тиіс деп санаймыз. Қажет болған жағ­дайда осы мәселелерді шешуге көмек көрсетуге дайынбыз», деді депутат Бибігүл Жексенбай.

Сенаторлар Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атын­да­ғы әскери колледжде болып, болашақ сержанттардың оқу бағдарламасымен және жаттығу дайындығымен танысты. Де­пу­тат­тар Сенаттың қызметі тура­лы курсанттарды хабардар етіп, Мемлекет басшысының жа­қында «Egemen Qazaqstan» газетінде жа­рық көрген сұхбаты туралы айтып берді.