• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Айбын 14 Ақпан, 2024

«Жас ұланның» қаһармандық сабағы

159 рет
көрсетілді

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматыдағы «Жас ұлан» рес­пуб­ликалық мектебінде тәрбие­ленушілер генерал-лейтенант Бақыт­жан Ертаевпен кездесті.

Бақытжан Ертаевпен өткен ерлік сабағы Кеңес Одағы­ның Ба­тыры, армия генералы Саға­дат Нұрмағамбетовтің, Ха­лық Қаһар­маны Рақым­жан Қош­қар­баевтың ғасыр­лық мерейтойлары­на және Ауған­станнан Кеңес әскер­лер­­дің шығарылғанына 35 жыл то­луына орай өтіп жат­қан іс-шаралар аясында ұйым­дас­тырылды. Кез­десуге ауған жауын­герлері, қор­ғаныс істері жө­нін­дегі қалалық департамент өкілдері, Алматыдағы «Жас ұлан» республикалық мек­­те­бінің жеке құрамы қатысты.

Ерлік сабағы Бауыржан Мо­мышұлы монументіне гүл шоқ­тарын қою рәсімімен басталды. Мектептің акт залында генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев өзі әскерде қызмет еткен әртүрлі кезең­дер туралы айтып, халық қаһар­мандары өмірбаяны­ның қы­зықты тұстарымен бөлісті.

Іс-шара барысында мек­тептің тәр­биеленушілері Бақыт­бек Сма­ғұлдың «Мен көрген соғыс» кітабынан сах­налық көрініс ойнады. Соны­мен қатар балалар Ауған со­ғысы жайлы әндер айтты.

– Мұндай іс-шаралар елі­міздің жауынгерлеріне құр­мет көрсету, өс­келең ұрпақ­тың ортасында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауап­кер­шілік сияқты қасиет­тердің артуына ықпал ету үшін ма­ңызды, – деп атап өтті Алматы қаласы қорғаныс істері жөнін­­дегі департаментінің бас­шы­сы, полковник Фархат Құр­ман­­ғажинов. «Жас ұлан» мекте­бі­нің бас­шы­лығы тарапынан Бақыт­­жан Ертаевқа Алғысхат табыс етіл­геннен кейін тәрбие­лену­­шілердің қонақпен бейресми сұхбаты өтті.

– Отанға қызмет ету үшін, ең алдымен, патриот болу керек. Өзің­мен тынымсыз жұмыс істеу, кәсіби шеберлікті арттыру және уақыт келгенде Отан ал­дындағы борышты абыроймен орындау қажет, – деді Бақытжан Ертаев.

Айта кету керек, Бақытжан Ертаев взвод командирінен бастап генералға дейінгі ман­саптық жолдан өтті. Ол егемен Қазақстанның Қарулы күш­терін қалыптастыруға, армия­ның қорғаныс қабілеті мен жауынгерлік дайындығын нығайтуға мол үлес қосты.